"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақмола заң колледжін" "Салық полициясы академиясы" мемлекеттік мекемесі деп қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 тамыз N 1184. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 2001.05.15. N 643 қаулысымен. ~P970643

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Астана қаласын дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 наурыздағы N 261 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Астана қаласы әкімінің Астана қаласы, Абай даңғылы, 193

 

мекен-жайда орналасқан ғимаратты республикалық меншікке беру туралы

ұсынысына келісім берілсін.

     2-2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік

және жекешелендіру комитеті белгіленген тәртіппен:

     1) жоғарыда аталған ғимаратты оның жарғылық капиталын баламды

өзгертумен, кейін оны Қоғамның мүлкінің құрамына бере отырып,

республикалық меншікке қабылдасын;

     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын."

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.