Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 15 мамыр N 642

Қолданыстағы
      Уран концентратын өндіруді және қайта өңдеуді жүзеге асыратын "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ) филиалдарындағы өндірістерді кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының әскерге шақыру жасындағы, бірақ әскери

қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын санаттағы азаматтарының тізбесі 
туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 
12 қазандағы N 1011  

P931011_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 
1993 ж., N 41, 480-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
     Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мерзімдік 
әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын санаттағы азаматтарының 
тізбесі мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
     "10. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік 
қоғамының филиалдарында жұмыс істейтін әскерге шақырылатындар - оларда:
     аппаратшы (барлық атаудағы);
     оператор (барлық атаудағы);
     машинист (барлық атаудағы);
     бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика бойынша слесарь;
     слесарь-жөндеуші;
     каротажды станциялар моторшысы;
     геофизикалық аппаратура реттеушісі;
     электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр монтері;
     жабдық жөндеу жөніндегі электр слесары;
     электргаз дәнекерлеушісі;
     механик;
     электр механигі;
     технолог;
     геотехнолог;
     инженер-механик;
     инженер-геолог;
     инженер-гидрогеолог;
     инженер-геофизик мамандығы бойынша жұмыс істейтін кезеңге".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.