Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1405 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 15 мамыр N 640. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001.12.19. N 1660 қаулысымен. ~P011660

Күшін жойған
      Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметіне жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1405 P961405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 47, 457-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу тәртібі туралы ережеде:
      6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есепті) тіркеу үшін алым, оны төлеген күнгі қолданылған есеп көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде алынады";
      7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

     "Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, олардың филиалдары 
мен өкілдіктерін мемлекеттік (есепті) қайта тіркеу үшін алым 50 пайыз, ал 
оларға мемлекеттік (есепті) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің 
көшірмесі берілген жағдайда - Ереженің 6-тармағының үшінші абзацында 
көзделген ставканың 25 пайызы мөлшерінде алынады".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
 
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.