Қазақстан Республикасының төлем теңгерімінің статистикасы жөніндегі жағдайды зерделеу жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 мамыр N 633

Қолданыстағы

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Мынадай құрамда Қазақстан Республикасының төлем теңгерімінің

статистикасы жөніндегі жағдайды зерделеу жөнінде үкіметтік комиссия

құрылсын:


     Құлекеев                 - Қазақстан Республикасының

     Жақсыбек Әбдірахметұлы     Экономика және сауда министрі, төраға


     Смаилов                  - Қазақстан Республикасы

     Әлихан Асханұлы            Статистика жөніндегі агенттігінің

                                төрағасы, төрағаның орынбасары


     Есенбаев                 - Қазақстан Республикасының

     Мәжит Төлеубекұлы          Қаржы министрі


     Кәкімжанов               - Қазақстан Республикасының

     Зейнолла Халидоллаұлы      Мемлекеттік кіріс министрі


     Марченко                 - Қазақстан Республикасы

     Григорий Александрович     Ұлттық Банкінің төрағасы

                                (келісім бойынша)


     Андрющенко               - Қазақстан Республикасының

     Александр Иванович         Экономика және сауда вице-министрі


     Елеманов                 - Қазақстан Республикасының

     Болат Далдайұлы            Энергетика және минералдық

                                ресурстар бірінші вице-министрі


     2. Үкіметтік комиссия 2001 жылғы 18 мамырға дейінгі мерзімде

Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының төлем

теңгеріміндегі есептің толықтығын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар

енгізсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.