1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қарағанды металлургия институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оны жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен "Қарағанды металлургия институты" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қоғам жарғысын бекіту кезінде оның қызметінің негізгі мәні:
металлургия саласында жоғары білікті мамандар даярлау және қайта даярлау;
металлургия саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу деп белгіленсін;
2) Қоғамды мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін белгіленген тәртіппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінің 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың келесі эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың келесі эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысымен бекітілген Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібіне сәйкес жүргізсін;
3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар орындағаннан кейін оның жарғылық капиталын 4500000 (төрт миллион бес жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомаға акциялардың келесі эмиссиясын шығару жолымен ұлғайту шараларын қабылдасын, оны орналастыруды "Испат-Кармет", "Қазақмыс" корпорациясы" және "Қазхром" трансұлттық компаниясы" ашық акционерлік қоғамдары арасында тең үлеспен жүргізсін;
4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 11 мамырдағы N 623 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөліміндегі реттік нөмірі 470-126-жол алынып тасталсын.
2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесіндегі:
"Қарағанды облысы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 214-7-жолмен толықтырылсын:
"214-7. "Қарағанды металлургия институты" ЖАҚ".
3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесіндегі:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімі
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-9-жолмен толықтырылсын: "222-9. "Қарағанды металлургия институты" ЖАҚ". 4. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 P991754_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесіндегі 3-бөлімде реттік нөмірі 199-жол алынып тасталсын. Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.