Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының салынып жатқан объектілерін техникалық қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстардың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының салынып жатқан объектілерін техникалық қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі дирекция" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен құрылсын.
2. Құрылыс мердігерлік шарты бойынша құрылыс ұйымдары орындайтын Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының салынып жатқан объектілеріндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен көлемінің сәйкестігін тапсырыс берушінің атынан заңнама талаптарына және тиісті шарттардың қағидаларына сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыру Қоғам қызметінің негізгі мәні деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының теңгеріміндегі техникалық құралдардың есебінен, заңнамада көзделген ең төменгі мөлшерде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
2) Жарғыны бекітсін және Қоғамның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының оған Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иемдену және пайдалану құқықтарын беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акциялар мен үлестердің мемлекеттік пакеттері республикалық меншікке жататын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесінде:
"Астана қаласы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-10-жолмен толықтырылсын:
"21-10. "Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының салынып жатқан объектілерін техникалық қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі дирекция" жабық акционерлік қоғамы;
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
Республикалық меншіктегі ұйымдарға қатысатын акциялардың мемлекеттік
пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығы
салалық министрліктер мен өзге де мемлекеттік органдарға берілетін тізбесі
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 238-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы
238. "Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының салынып
жатқан объектілерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі
дирекция" ЖАҚ.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.