1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының Алтай бөлімі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың тізбесіндегі: реттік нөмірі 470-71-жол алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 P991754_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесіндегі: реттік нөмірі 41-жол алынып тасталсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.