Қазақстан Республикасының шамалар бiрлiктерiнің эталондық базасын дамытудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 мамыр N 614

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 P000367_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 13-14, 140-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң

2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 
iс-шаралардың жоспарында:
     3.7.2.5.-тармақтың "Iс-шара" бағанындағы "физикалық" деген сөз алынып 
тасталсын.
     2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының шамалар 
бiрлiктерiнiң эталондық базасын дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған 
бағдарламасы бекітілсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                          2001 жылғы 10 мамырдағы
                                              N 614 қаулысымен
                                                 бекітілген
     
                       Қазақстан Республикасының
                шамалар бірліктерінің эталондық базасын
                 дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған
                             Бағдарламасы

                            1. ПАСПОРТ

Атауы                   Қазақстан Республикасының шамалар бiрлiктерiнiң    
                        эталондық базасын дамытудың 2001-2002 жылдарға     
                        арналған бағдарламасы.

Бағдарламаның қысқаша   Бағдарлама Қазақстан Республикасының шамалар 
мазмұны                 бiрлiктерiнiң эталондық базасын жоспарлы жасау мен 
                        жетілдiруге және экономика салаларының
                        қажеттілiктерiн өлшемдер бiрлiктерiмен
                        қамтамасыз етудi неғұрлым толық қанағаттандыруға   
                        бағытталған өзара байланысты ұйымдық, әлеуметтiк,
                        қаржылық және техникалық шаралардың жиынтығын      
                        бiлдiредi.

Iске асыру мерзiмi      Бағдарламаны iске асыру 2001-2002 жылдар кезеңiне  
                        белгiленген.

                        2. КІРІСПЕ
     


      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегi iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 P000367_ қаулысы осы бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
      Осы бағдарламаны құрастыру кезiнде шамалар бiрлiктерiнiң ұлттық эталондық базасын жарақтандыруды және оның құрамын жүйелеудi негiздеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмысы жүргiзiлдi. Халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерi бойынша шамалар бiрлiктерiн эталондармен қалпына келтiрудiң негiзгi тәсiлдерi белгiлендi. Шамалар бiрлiктерiнiң ұлттық эталондық базасын қалыптастырудың қағидаттары әзiрлендi, бұл ретте, ескерiлуi қажет факторлар айқындалды. Әр түрлi елдердiң шамалар бiрлiктерiнiң ұлттық эталондарының баламалығы дәрежесiн бағалау мақсатында халықаралық салыстыру жүйесiнiң рөлi көрсетiлдi, оларға қатысу үшiн өлшемдердiң тиiстi дәлдiк деңгейi талап етiледi.
      Осы бағдарлама экономика салаларындағы шамалар бiрлiктерiнiң бастапқы эталондарының, өлшемдердiң жай-күйiнiң қазiргi кешенiн талдау негiзiнде әзiрлендi және метрологиялық қамтамасыз ету мен бюджеттiк қаражатты ұтымды пайдалануда экономика қажеттiлiктерiн есепке ала отырып, республиканың ұлттық эталондық базасын құру және қолдау жөнiндегi iс-шараларын қамтиды.

           3. ПРОБЛЕМАНЫҢ ҚАЗIРГI ЖАЙ-КYЙIН ТАЛДАУ

      Кеңес Одағының ыдырауымен шамалар бiрлiктерiнiң эталондары мен дәлдiгi жоғары өлшемдер құралдарын әзiрлеумен және жасап шығарумен айналысатын жетекшi метрологиялық ғылыми-зерттеу институттары Ресей Федерациясының аумағында қалып қойды. Салыстырмалы түрде жақында құрылған "Қазақстан метрология институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны ("Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң кейбiр ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 9 тамыздағы N 1227 P001227_ қаулысымен) өзiнiң теңгерiмiнде қазiргi кезде Қазақстан Республикасының эталондық базасын құрайтын 20 шама бiрлiгiнiң эталонына ғана ие.
      Шамалар бiрлiктерiнiң қазiргi эталондық базасы экономиканың, әсiресе, мынадай, отын-энергетика кешенi, телекоммуникация, мұнай-газ өндiру өнеркәсiбi сияқты дамушы салаларының, сондай-ақ мемлекеттiк метрологиялық қадағалауға жататын қызмет түрлерінің, атап айтқанда, халық өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға дайын емес.
      Әлемдік экономикалық қоғамдастыққа ұлттық экономиканы ықпалдастыру, республикада қолданылып жүрген өлшемдiк техниканы одан әрi жетiлдiрудi және өлшемдер нәтижелерiнiң дәлдiгi мен сенiмдiлiгiн арттыруды талап етедi.

      1. Мұнай-газ өндiру өнеркәсiбi.
      Мұнай-газ өндiру өнеркәсiбi Қазақстан Республикасының неғұрлым перспективалы саласы болып табылады. Өндiрiстiк кезеңi шикi мұнайды өндiру мен жинаудан және оны дайындау мен құбырмен, темір жол және автомобиль цистерналарымен және танкерлермен тасымалдаудан, сондай-ақ сақтау мен сатудан тұрады.
      Мұнай және мұнай өнiмдерiн есепке алу аса маңызды мемлекеттiк мiндет болып табылады. Мұнайдың шығыны таза салмағын өлшеу қателiгiнiң есебiнен ғана 1,5 пайызға жуық құрайды. Мұндай қателiк мұнай компаниялары мен мемлекеттi едәуiр экономикалық шығындарға әкеп соқтырады. Сондықтан, Қазақстан Республикасы үшiн мұнай өнеркәсiбi болашақта экспорттың едәуiр үлесiн беретiн болғандықтан, тұтынушылар мен жеткiзушiлер арасындағы өзара қатынасты айқындайтын мұнайдың мөлшерi мен сапасын есептеу дәлдiгiн арттыру қажет.
      Мұнай бағасы едәуiр дәрежеде оның сапасына тәуелдi. Аса маңызды тауарлық сапа көрсеткiштерi тығыздығы, су, хлорлы тұздар, күкiрт, механикалық қоспалардың құрамы болып табылады. Сондай-ақ, қаныққан булардың қысымы, тұтқырлық, парафиндердiң құрамы сияқты технологиялық көрсеткіштер анықталады.
      Есеп айырысу-есепке алу операциялары кезiнде табиғи газ мөлшерiнiң өлшемi оның көлемi болып табылады. Газ өндiретiн кәсiпорындар мен магистральды газ құбырларын есепке алу тораптарында табиғи газдың көлемiн өлшеу ығыстырушы құрылғылар негiзiнде өлшеуiш кешендерiмен, турбиналық және құйындық шығын өлшегiштермен жүзеге асырылады. Өлшеудiң қателiгi салдарынан табиғи газдың 5 пайызға дейiнi коммерциялық есептен шығып қалады, мұның өзi газ компаниялары мен мемлекеттi едәуiр экономикалық шығынына әкеп соқтырады.
      Сондай-ақ, газ сапасының едәуiр маңызы бар, өйткенi оның құны осыған тәуелдi. Табиғи газ сапасының көрсеткiштерiне: метан құрамы, тығыздығы, төменгi жану қызуы, күкiрттiсутектер, меркаптандық күкiрт, азот, көмiрқышқыл газ және көмiрсутектер құрамы, шық нүктесiнiң температурасы жатады.
      Мұнай-газ өңдеу өнеркәсiбiнiң технологиялық процестерi, негiзiнен талдаулық өлшемдерді (оның iшiнде, мұнай өнiмдерi мен газдың сапасы параметрлерін өлшеу) термометрияны, шығын өлшегіштерді және жылу таратқыштардың параметрлерін қамтиды.

      2. Отын-энергетикалық кешенi.
      Жылу-энергетикалық кешенiнде 2000 жылы 3 миллионнан астам өлшем құралдары, оның iшiнде, мұнай мен газдың турбиналық және кориолистiк шығын өлшегiштерi, микропроцессорлық аппаратура, ағындық автоматтық тығыздық өлшегiштер, сынауды iрiктегiштер, манометрлер қолданылды. Энергия тасымалдаушыларын есепке алудың дәлдiгi жоғары приборларын пайдалану, энергия ресурстарын пайдалануды ретке келтiруге, оларды өндiру мен тұтыну процестерiн бақылауға және реттеуге, энергия ресурстарының қажеттi нақты мөлшерiн айқындауға мүмкiндiк бередi.
      Елдегi жылу энергиясы мен су шығыны өлшемдерiнiң ауқымы орасан зор. Өндiрiстiк объектiлер туралы айтпағанның өзiнде, әр тұрғын үйде кем дегенде бiр суық су санағышы мен бiр жылу санағыштары болуы тиiс. Пайдаланылатын өлшем құралдары қазiргi заманғы метрологиялық қамтамасыз етуге мұқтаж. Жылу энергиясын өндiру кезiнде елдегi 5 пайызға дейiнгi барлық өндiрiлген энергия өлшемдердiң қателiгi салдарынан коммерциялық есептен шығып қалады.
      Көмiр өндiру өнеркәсiбiн метрологиялық қамтамасыз етудiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi шахталардағы жұмыстардың өрт және жарылыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады. Ол, негiзiнен экоталдамалық бақылауды ұйымдастырумен шешiледi. Шахталарда жарылыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету факторларының бiрi, ықтимал қауiптi алаңдарда ауа ағынының жылдамдығын дәл өлшеу болып табылады.
      Құрылыс материалдары мен құрылыс құрылғыларының элементтерiн шығару мен сертификаттау кезiнде жылу тораптары мен коммуникацияларында, тұрғын үйлiк және өндiрiстiк бағыттағы ғимараттарда, ең төменгi жылу шығынын қамтамасыз ету кезiнде желiлiк кеңейтудiң температуралық коэффициентiн өлшеу және жылу өткiзгiштiгiн өлшейтiн - дилотометрия шешушi роль атқарады.

      3. Тамақ өнеркәсiбi.
      Тiркелген зертханаларда өнiмнiң үлгiсiн бiрдейлендiруге, адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi әртүрлi зиянды заттарды анықтайтын және мөлшерiн өлшеуге мүмкiндiк беретiн газдық және сұйық хроматографтарды, атомдық-абсорбциялық спектрометрлердi, электронды таразыларды және басқа да жаңа буынды дәлдiгi жоғары приборлар қолданылады. Алайда, елдегi жеңіл және тамақ және ауылшаруашылығы өнiмдерiн сынау мен сертификаттауды метрологиялық қамтамасыз ету өнiмнiң сапасы мен қауiпсiздiк көрсеткiштерiн бақылайтын приборларды салыстырып тексеру және калибрлеуге арналған эталондық кешендердiң болмауынан, сондай-ақ өлшеулердің (сынаулардың) нәтижелерін зертханааралық салыстыруды жүргізу өз деңгейінде емес.

      4. Қоршаған орта мен табиғатты пайдалануды бақылау.
      Қазақстан Республиканың экологиялық тұрақты даму моделін іске асыруға бағытталған әлемдік процеске қосылуы ол Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта және оны дамыту жөнiндегi конференциясының негiзгi құжаттарында ұсынылған шешiмдердi орындаумен тiкелей байланысты. Бұл, адамзат өзiнiң өмiр сүруiнiң жаңа дәуiрiне енуiне байланысты өзi жасаған химиялық, биологиялық және физикалық әсер ету құралдарының ықтимал қуаты өмiр сүру ортасына әсерi табиғат күштерiмен шамалас болуымен түсiндiріледi.
      Қоғамның iс-әрекетi биосфераның химиялық құрамын түбегейлi өзгертедi. Бұл өзгерiстер биосфераның қатты, сұйық және газ тәріздес құраушыларының ластану процестерімен байланысты. Экологиялық проблемалардың туындауының басты себептерi мыналар болып табылады:
      халық шаруашылығының ұзақ уақыт экстенсивтi дамуы;
      табиғатты пайдаланудың аймақтық табиғи-ресурстық әлеуетке сай келмеуi;
      табиғатты қорғаудың жабдықтармен нашар жабдықталуы;
      табиғатты қорғаудың бүкiл кешендiк iс-шараларының орындалмауы, бiрiншi кезекте химиялық, биологиялық және экологиялық әсер ету факторларын әрi олармен табиғи және антропогендiк экожүйелердiң әсерлесуiн бақылау.
      Адамның әртүрлi заттарды әдейi атмосфераға тастауы қоршаған ортаның тепе-теңдiгiн бұзатын неғұрлым ашық әрекетi болып табылады. Атмосфераны ластайтын негiзгi заттардың көздерi мейлiнше әртүрлi. Қазба отынды энергия көзi ретiнде пайдалану ауаның ластануының негiзгi себебi болып табылатыны даусыз. Басқа көздер - бұл атом және химия, металлургия, цемент өндiрiстерiнiң, және басқа да индустриялық қызмет түрлерiнiң ауаға тастайтын жанама өнімдерінің шығарымдары. Органикалық заттар шірігенде күкiртсутектерге және басқа да күкiрт қосылыстары мол заттар бөлiнедi. Қоршаған ортаны ластауға автокөлiктердiң қосатын үлесi елеулi. Атмосфераның өте көп ластануы көмiртегi тотығының, азот және күкiрт қосылыстарының, көмiрсутектердiң және өндiрiстiк шаңдардың үлесiне тиедi.
      Судың ластану проблемасы - қоршаған ортаның нашарлануының ең бiр қатерлi факторы болып табылады. Мұнайды қайраңда өндiру, жағада шайылуы және атмосфера арқылы жыл сайын бiрнеше миллион тонна мұнай және мұнай өнiмдерi әлемдiк мұхитқа түседi. Бұл жағдай, атмосфера ластануынан да күрделiрек болып тұр, өйткенi көптеген қатты күйдегi ластаушы заттар суда еруi мүмкiн немесе сол салмақтағы күйiнде едәуiр орасан зор қашықтыққа тасымалдануы мүмкiн. Басқа бiр проблема мынада: су салыстырмалы түрде аз мөлшердегi ерітiлген оттегін құрайды. Сонымен бір мезгілде қатты ластанған ауаның өзi осы газдың квазитұрақты концентрациясын сақтай алады. Судың мұндай қасиетi жоқ, ал оттегi көптеген организмдерге ащы және, сондай-ақ тұщы суларда шектеушi экологиялық фактор болып табылады.
      Литосфераның химиялық өзгерiстерiнiң ауқымы туралы мынадай мәліметтер арқылы білуге болады: соңғы жүзжылдықта 20 млрд. тонна қоқыс, 3 млрд. тонна күл, 1 млн. тоннадан астам күшәла, кобальт, никель, млн. тоннаға дейiн мырыш және сүрме жер бетiне түсті.
      Қаралып отырған проблемалардың бүкiл кешенiн талдау экологиялық қауiпсiздiк жүйесiн құруға әкеп тiредi, оның шеңберiнде антропогендiк әсер етудiң экологиялық дағдарыс факторларының мониторингi, биосфераның нақты жай-күй және оның болашақта дамуының болжамы бiрiншi дәрежедегi маңызға ие болады.

      5. Телекоммуникация.
      Әлемдегi дамудың тенденцияларын ескере отырып, негiзгi параметрлерiнiң бiрi индуктивтiк болып табылатын байланыс құралдарының, электрониканың, радиотехниканың, компьютерлiк техника мен теледидардың сапасын арттыру және жетiлдiру қажеттiлiгi туындайды. Республикадағы қазiргi дәлдiгi жоғары индуктивтiк өлшем құралдарын салыстырып тексеру үшiн шет елдерге шығарылады, бұл осы стратегиялық маңызды саланың дамуын басқа елдердiң экономикалық және саяси жағдайына тәуелдi етедi.

      6. Өлшем құралдарын өндiру мен сырттан әкелу.
      Өлшем техникасын қолдану энергетикада, өнеркәсiпте, ғылыми мекемелердiң алдында тұрған маңызды мiндет болып табылады. Қазақстан Республикасының рыногына жыл сайын импортталатын өлшем құралдары үлкен көлемде келiп түседi. Бiрақ, шетелдiк фирмалардың өлшем техникасы әрдайым пайдаланудың жергілiктi жағдайларына бейiм болмайтындығы және өзiнiң техникалық қасиеттерiне байланысты тұтынушылардың талабына сай келе бермейтiндiгiн атап өткен жөн.
      Сериялап шығаруға арналған немесе шетелден топтап әкелiнетiн сапасыз өлшем құралдарынан отандық рынокты қорғау тетiгi - Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiне енгiзу үшiн өлшем құралдарының үлгiсiн бекiту мақсатында өлшем құралдарын мемлекеттiк сынау болып табылады.
      Қазiргi уақытта, Қазақстан Республикасында қажеттi сынақтық және өлшем жабдықтары бар, тiркелген өлшем құралдарын сынау базасы жоқ. Сынақтар, негiзiнен бөгде ұйымдардың базасында жүргiзiледi (кейде бiрнеше база пайдаланылады), бұл сынақтардың құнының қымбаттауына және сынау мерзiмiнiң ұзаруына әкеп соқтырады.
      Халықаралық деңгейде тiркеп өзiндiк сынақ базасын құру, оларды шет елдерге шығаруда өндiрiлген өлшем құралдарының сынақ нәтижелерiнiң танылуын, сөйтiп саудадағы техникалық кедергiлердiң жойылуына жәрдемдесудi қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, республика аумағында қолдануға рұқсат етілген өлшем құралдарының номенклатурасының кеңейтiлуi өлшем құралдарын таңдау мүмкiндiгiн молайтуға және салауатты бәсекелестік жағдайын туғызуға мүмкіндік бередi.

      7. Қазiргi эталондық базаны жете жарақтандыру.
      Республиканың негiзiнен 70-80 жылдары бюджеттiк қаржыландыру қаражатының есебiнен құрылған өлшемдердiң эталондық базасы, өз деңгейi бойынша халық шаруашылығының сол кездегi даму сұранысына сай келетiн. Қазiргi уақытта, бұрынғы мемлекеттiк метрологиялық қызметке тиiстi 2100 бiрiншi разрядты эталондар бiрлiктерi мен дәлдiгi жоғары өлшем құралдары, олардың моральдық ескiруi мен табиғи тозуы салдарынан, мемлекеттiк эталондардың дәлдiгi мен берiктiгiне қойылатын талаптарға сәйкес келмеуiнен, олар заңды тұлғалардың теңгерiмiне берiлдi.
      Қазақстан Республикасынан тысқары шығарып, салыстырып тексерiлуi жүргiзiлетiн өлшем құралдарының тiзбесi бар. Бұл осы өлшем құралдарын салыстырып тексерудi жүргiзетiн жақын шетелдерге өлшем құралдарын тасымалдаумен байланысты көптеген қаржы шығындарына және уақыт шығындарына әкеп соқтырады.
      Мұндай жағдай шамалар бiрлiктерiнiң эталондарының жоқтығынан (мысалы: рН эталоны, электролиттер ерітiндiлерiнiң үлестiк өткiзгiштiгi эталоны) және табиғи тозуынан туындаған. Сөйтiп, республиканың қазiргi эталондық базасын жете жарақтандыру мен жаңғыртудың өткiр қажеттiлiгi туындады.

            4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

      Бағдарламаның басты мақсаты - өлшем бiрлiктерiмен қамтамасыз етудегi экономика салаларының қажеттiлiктерiн неғұрлым толық қанағаттандыруға бағытталған Қазақстан Республикасының шамалар бiрлiктерiнiң эталондық базасын жоспарлы жасау мен жетiлдiру болып табылады.
      Экономика салалары бойынша бағдарламаның мақсаттары мыналар болып табылады:
      мұнай-газ өндiру өнеркәсiбiнде - мұнай және газдың саны мен сапасын бақылайтын өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз ететiн эталондық кешен құру;
      отын-энергетикалық кешенiнде - жылумен жабдықтау жүйесiнде жылу санағышты жинақты салыстырып тексерудi жүргiзу үшiн әртүрлi өлшем құралының жиынтығынан тұратын автоматтандырылған өлшеу кешенiн құру. Көмiр өндiру өндiрiсiнде және метрологияда ауа ағыны жылдамдығының өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету және температураның кең ауқымында материалдардың желiлiк кеңеюiнiң температуралық коэффициентiн өлшеу;
      тамақ өнеркәсiбiнде - республикада шығарылатын және сырттан әкелiнетiн азық-түлiк өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылауға арналған өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз ететiн эталондық кешен құру;
      қоршаған орта мен табиғатты пайдалануды бақылау саласында - қоршаған ортаны бақылау үшiн, атап айтқанда табиғатты пайдалану кезiндегi талдау өлшемдерi саласында өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз етуге арналған эталондық кешен құру;
      телекоммуникацияда - телекоммуникацияда қолданылатын индуктивтiктiң өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз ететiн эталондық кешен құру;
      өлшем құралдарын өндiру мен сырттан әкелу - республикада шығарылатын және сырттан әкелiнетiн өлшем құралдарын сынау және зерттеуге арналған база құру;
      қазiргi эталондық базаны жете жарақтандыру саласында - өлшемдердiң және ғылыми-техникалық әлеуеттiң қол жеткен деңгейiн сақтау, сондай-ақ қазiргi эталондық базаны жаңғырту.

             5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ МЕН IСКЕ
                             АСЫРУ ТЕТIКТЕРI

      Бағдарламаға қатысуға мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы мен шет елдердiң өлшем құралдарын өңдеушiлер мен жасаушылар тартылады.
      Бағдарламаны iске асырудың негiзгi тетiгi мыналар - қажеттi жабдықтарды сатып алу және оларды эталон ретiнде бекiту, сондай-ақ қазiргi эталондық базаны толықтырып жабдықтау мен жаңғырту.
      Қойылған мiндеттер өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiн, ең алдымен, оның техникалық негiзiн, басымдықтарын өзгерту, жаңа қағидаттарды пайдалану, басқару әдiстерiн және нысандарын өзгерту жолымен тұрақты жетiлдiру негiзiнде мүмкiн болады.

      1. Мұнай-газ өндiру өнеркәсiбi.
      Мұнай және газ құрамының көлемдiк және массалық шығынын өлшеу, тұтқырлығы мен тығыздығын өлшеу, физика-химиялық өлшеу дәлдiгiн арттыру мұнай-газ өндiру өнеркәсiбiн метрологиялық қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары болып табылады.
      Iске асыру тетiгi:
      сұйықтың көлемдiк және массалық шығындарының бiрліктерiн қайталауға және оның мұнай мен мұнай өнiмдерiн есепке алу тораптарының шығын өлшеуiштерiне беру үшiн жабдықтар сатып алу;
      магистральдық құбырлардың есепке алу тораптарында монтаждауды қажет етпейтiн салыстырып тексеретiн шығын өлшеуiштер, ағындық вискозиметрлер, тығыздық өлшегiштер, ылғал өлшегіштерге арналған жабдықтар сатып алу;
      салыстырып тексергiш газ қоспасы өндiрiсiне арналған жабдықтар сатып алу;
      мұнай мен газдың сапасын анықтауға арналған жабдықтар сатып алу.

      2. Отын-энергетикалық кешенi.
      Энергетикалық табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану экономиканың аса маңызды бағыттарының бiрi болып табылады. Отын-энергетикалық кешенiнде - бұл табиғи газ, сұйық отын, қатты отын және газ. Елдiң энергетикалық ресурстар бойынша әлемдiк бағаларға көшуi, оларды өндiрiстiк және тұрғын-үй коммуналдық салада ұтымды пайдалану прогресивтiк энергия үнемдеушi технологияларды енгiзу, өлшем техникасын және оның дәлдiгi мен өлшемнiң дұрыстығын арттыруды одан әрi жетілдiрудi талап етедi.
      Жылу санағыштары мен жылу есептеуiштерi құрамында қолданылатын өлшем құралдары құрамындағы салыстырып тексергiштер үшiн, температураны, ауа ағынының жылдамдығын, электролиттер ерiтiндiсiнiң үлестiк электр өткiзгiштiгiн өлшеуді метрологиялық қамтамасыз ету үшiн жабдықтар сатып алу - iске асырудың тетiгi болып табылады.

      3. Тамақ өнеркәсiбi.
      Мемлекет саясатының аса маңызды басымдықтардың бiрi ол азаматтардың денсаулығы болып табылады. Бұл үшiн халықты сапалы және экологиялық таза азық-түлiк өнiмдерiмен қамтамасыз ету қажет. Тамақ өнеркәсiбi өнiмiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету - сынаудың және сертификаттаудың негiзiнде шешiлуi мүмкiн аса өзектi проблемалардың бiрi болып табылады.
      Өнiмнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн растау үшiн нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес физика-химиялық, микробиологиялық және токсикологиялық өлшемдер жүргiзу қажет. Бұл шарт республикада шығарылған және шет елдерден әкелiнетiн өнiмдерге де қолданылады. Өзiнiң метрологиялық сипаттамалары бойынша талап етiлетiн дәлдiк және сенiмдiлiк нормаларына сәйкес және бағдарламалық қамтамасыз етуі бар, тиімділігі жоғары талдау жабдықтарын пайдалану арқылы шынайы өлшемдік ақпарат алу мүмкін болады.
      Іске асыру тетігі - тамақ өнімдеріндегі ылғалдылықты, құрғақ заттардың, экстракттар және қанттың құрамын, микроорганизмдер құрамын, альдегидтердің күлділігін мен ылғалдығын бақылайтын, азық-түлiк өнiмдерiндегi бифенилдердiң, нитрат-ионның құрамын, қанттың құрамын, нитриттер мен сивуха майларының құрамын бақылауға арналған дәлдiгi жоғары жабдықтар сатып алу.

      4. Қоршаған орта мен табиғат пайдалануды бақылау.
      Жергiлiктi, аймақтық, ұлттық және ғаламдық деңгейдегi экологиялық мониторинг жүйесiн құру негiзгi бағыт болып табылады. Табиғи антропогендiк экожүйелердiң жай-күйi мен өзгерiсiн жедел бақылауды қамтамасыз ететiн өлшемдердiң кiшi жүйесi осы жүйенiң негiзгi блогы болып табылады. Мониторингтiң тиiмділiгi алынатын экологиялық ақпараттың шынайылығымен айқындалады. Өз кезегiнде өлшемнiң шынайылығы, шамалар бiрлiктерi эталондарының және стандарттық үлгiлердiң кешенiне негiзделген өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң ұлттық жүйесi негiзiнде құрылуы тиiс.
      Iске асыру тетiгi - рН ерітiндiлерiн, атомдық-абсорбциялық спектрофотометр, қоршаған орта объектiлерiнде ауыр металл тұздарының құрамын бақылауға арналған жабдықтар сатып алу.

      5. Телекоммуникация.
      Негiзгi бағыты - Қазақстан Республикасында индуктивтiк өлшем құралдарын салыстырып тексерудi жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн, шамалар бiрлiктерiнiң мемлекеттiк индуктивтi эталонын құру болып табылады және ол телекоммуникацияда өте жиi қолданылатын осы өлшем түрiнiң дамуына негiз қалайды.
      Iске асыру тетiгi - индуктивтiк бiрлiк мөлшерiн сақтауға, қайталауға және басқа өлшем құралдарына беруге арналған жабдықтар сатып алу.

      6. Өлшем құралдарын өндiру мен сырттан әкелу.
      Өлшем техникасы өзiнiң техникалық және метрологиялық сипаттамалары бойынша өндiрiстiң қазiргi талаптарына сай материалдық және энергетикалық ресурстарды есепке алуға және бөлуге жауап беруi тиiс.
      Негiзгi бағыты - метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргiзуге және өлшем құралдарын сапалы сынауға арналған өлшем құралдарын сынау орталығын құру болып табылады.
      Іске асыру тетiгi - өлшем құралдарын пайдалану және тасымалдау жағдайын жасау үшiн кең ауқымды мамандандырылған камералар сатып алу.

      7. Қазiргi эталондық базаны жете жарақтандыру.
      Негізгі бағыты - қазіргі эталондардың метрологиялық сипаттамаларын және өлшем ауқымдарын жақсарту болып табылады.
      Іске асыру тетiгi:
      мемлекеттiк масса бiрлiгiнiң эталондарын электрондық салыстырғыштармен жете жарақтандыру;
      қазiргi ұзындықтың, электр кернеуiнiң, сыйымдылығы мен кедергiнiң, ауыспалы токтың эталондарын жаңғырту;
      мемлекеттiк эталондардан шама бiрлiгiн алуға және оларды одан әрi жұмысшы эталондар мен өлшем құралдарына беруге арналған жабдықтар сатып алу;
      табиғи тозған қысым эталондарын алмастыруға арналған жабдықтар сатып алу;
      жазық бұрыштың, күштiң бiрлiк мөлшерiн сақтау, қайталау және басқа өлшем құралдарына беруге арналған жабдықтар сатып алу болып табылады.

      8. Бағдарламаны iске асыру тетiгi мынадай іс-шараларды қамтиды:
      мемлекетаралық және халықаралық, сондай-ақ шет елдердiң ұлттық

шамалар бiрлiктерiнiң эталондарымен жыл сайынғы салыстыруды жүргiзу;
     белгiленген техникалық талаптарға сәйкес келуiн анықтау және растау 
мақсатында мерзiмдiк салыстырып тексерудi жүргiзу;
     сатып алынатын жабдықтарды сақтау және пайдалану шарттарын қамтамасыз 
ету;
     эталондарды жаңғырту үшiн жұмсалатын шығыстық материалдарды және 
қосымша материалдарды сатып алу;
     эталондарды жөндеуді жүргiзу;
     эталондық базаға қызмет көрсететiн қызметшiлердi оқыту.

                6. ҚАЖЕТТI РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
                      ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ КӨЗДЕРI

     Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджетте республиканың 
шамалар бiрлiктерiнiң ұлттық эталондық базасын қолдау және құруға 
көзделген қаражаттардың шегiнде және есебiнен жүзеге асырылады.
     2001 жылға - 100 млн. теңге көзделген.
     2002-2003 жылдарға арналған қаржыландырудың қажеттi көлемi - 300 млн. 
теңге.

           7. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

     Бағдарламаны iске асыру:


      Қазақстан Республикасының азаматтарын және экономикасы мүдделерiнiң

өлшемдердiң бұрыс нәтижелерiнiң салдарларынан қорғауға;
     материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiнiң шынайы 
есепке алынуын қамтамасыз етуде;
     iргелi зерттеулер мен ғылыми талдамаларда өлшемдердiң шынайылығын 
қамтамасыз етуге;
     адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау, 
қозғалыс қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғау кезiндегi өлшем 
нәтижелерiнiң шынайылығын қамтамасыз ету бойынша ғылыми-техникалық, 
әлеуметтiк, экологиялық және экономикалық тиiмдiлiкке қол жеткiзуге 
жәрдемдеседi.

     8. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАМАЛАР БІРЛІКТЕРІНІҢ ЭТАЛОНДЫҚ 
      БАЗАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2001-2002 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН 
                 ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
---------------------------------------------------------------------------
 N !          Iс шара              !   Аяқтау   !    Жауапты    ! Орындалу
   !                               !   нысаны   ! орындаушылар  ! мерзімі
---------------------------------------------------------------------------
                    8.1 Мұнай-газ өндіру өнеркәсібі     
     
1   Табиғи газ бен мұнайда күкiрт   Қазақстан    Мемстандарт,     2001
    пен оның қосылыстарының         Республика.  "ҚазМетрИн"      жылдың
    құрамын анықтауға арналған      сының        РМК (келісім     IV
    анықтау шегi 0,01 мг/кг         Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    эталондық жабдық сатып алу      есеп

2   Мұнай өнiмдерi көлемдiк         Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    шығынының мемлекеттiк           Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    эталонын құру үшін ауқымы       сының        РМК (келісім     ІІ
          -4        -3 3            Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    2,8х10  : 2,8х10  м/с;          есеп
           -4         -4                                   
    Sо=3х10  , Өо=5х10
    кем емес жабдықтарды сатып 
    алу
     
3   Сұйық тығыздығының мемлекеттiк  Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    алғашқы эталонын құру үшiн      Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    МЕМСТ 8.024-75 талаптарын       сының        РМК (келісім     IV
    ескере отырып ауқымы 650:2000   Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
        3   о                       есеп
    кг/м  20 С температурада 
            -6
    S=1,2х10  жабдықтар сатып алу
     
4   С3Н8, SО2, С6Н14, NО, СО2, СО,  Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    H2S газ қоспаларын өндiру мен   Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    аттестаттауға арналған көп      сының        РМК (келісім     IV
    функционалды автоматтандырылған Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    эталондық кешенін құру үшiн     есеп
    жабдықтарды сатып алу
     
5   Сұйықтың тығыздығының жұмыстық  Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    эталонын құру үшiн МЕМСТ        Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    8.024-75 талаптарын ескере  3   сының        РМК (келісім     IV
    отырып, ауқымы 650:2000 кг/м    Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
            -2        -2            есеп
    S=2,1х10  : 0,5х10   жалпы 
    мақсаттағы денсиметр жиынтығын 
    сатып алу
     
6   Мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң     Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    көлемдiк және массалық          Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    шығынының жұмыстық эталон       сының        РМК (келісім     IV
    бiрлiгiн құру үшiн              Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    пайдаланылатын жерiнде          есеп
    монтаждауды қажет етпейтiн 
    шығын өлшегiштердi салыстырып 
    тексеру үшiн ақпаратты 
    автоматтандырылған басқару,
    жинау және өңдеу жүйесi бар
                  3
    (0,057:2800) м/сағ, Dу=(8:32) 
    дюймдi, /\0=0,01:0,05% құбыр       
            --
    поршендiк автоматтандырылған
    қондырғылар кешенiн сатып алу
     
7   Сұйықтың массалық шығынының     Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    мемлекеттiк алғашқы эталонын    Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    құру үшiн ауқымы 15:200 кг/с,   сының        РМК (келісім     IV
             -4                     Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    S =1,5х10,                      есеп
     0
            -4
    Ө =1,6х10  жабдықтар сатып алу
     0        
---------------------------------------------------------------------------
                       8.2 Отын-энергетикалық кешені

8   Шығын мен жылу санағыштар       Қазақстан    Мемстандарт,     2001
    өлшеуiштер құрамындағы          Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    дифференциалды манометрлердi    сының        РМК (келісім     IV
    сынауға және салыстырып         Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    тексеруге арналған қысым        есеп
    айырмасының ауқымы 
             5
    (0:2,5х10 )Па, S=0,05:0,4 Па, 
    Ө =0,05:0,8 Па  0
     0
    автоматтандырылған эталондық
    қондырғыны сатып алу
     
9   Жылу санағыштар құрамындағы      Қазақстан    Мемстандарт,     2001
    кедергі термометрлерін           Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    салыстырып тексеру және          сының        РМК (келісім     IV
    сынауға арналған температура     Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    ауқымы о                о        есеп
    (0:150) С, қайталауы Т=0 С, 
           о         о          о
    S=0,02  С, Т=100  С, S=0,03  С 
                         о
    температураны (0:150) С,
           о
    S=0,03  С ауқымда ұстап тұруы
    автоматтандырылған эталондық 
    қондырғыны сатып алу

10  Жылу есептегiштердi сынау мен    Қазақстан    Мемстандарт,     2001
    салыстырып тексеруге арналған    Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    кiру арналарының саны мен        сының        РМК (келісім     IV
    ұқсату дабыл ауқымы:             Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    (0:20)мА ауқымындағы тұрақты     есеп
    токтың 4 арнасы;
    (0:20)кГц ауқымындағы жиiлiк-
    импульстiң 4 арнасы;
    10 В дейінгi тұрақты кернеудiң 
    4 арнасы;
    кедергi дүкенiнен 2 арна.
    /\ = 0,03 % ұқсату дабылдарын 
    --0         
    қайталауда,
    /\  = 0,07 % жылу энергиясын 
    -- 0
    және жылу қуатын өзгерту мен 
    есептеу, автоматтандырылған 
    эталондық қондырғы сатып алу

11  Қатты денелердің желiлiк         Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    кеңею температуралық             Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    коэффициентiнiң 90:1800 К        сының        РМК (келісім     IІІ
    температура ауқымындағы          Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
           -6      -6 -1             есеп
    0,05х10  :25х10  К  ,
            -8       -8 -1
    S=0,2х10  :l,5х10  К  ,
             -8      -8 -1
    Ө=0,03х10  :30х10  К 
    мемлекеттiк эталон бiрлiгiн
    құруға арналған жабдықтар 
    сатып алу
     
12  Ауа ағыны жылдамдығы бiрлiгiнiң  Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    мемлекеттiк эталонын құруға      Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    арналған ауқымы                  сының        РМК (келісім     IV
    0,1:100 м/с,                     Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны 
    S=(0,0003:0,002v) м/с,           есеп
    Ө =(0,0003:0,002v) м/с
     0 
    жабдықтар сатып алу

13  Ауа ағыны жылдамдығы жұмыстық    Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    эталонын құру үшiн ауқымы        Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    0,1:60 м/с,                      сының        РМК (келісім     IV
    S =(0,003:0,005v) м/с            Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
     Е                               есеп
    өлшем құралдарының жиынтығын 
    сатып алу 
     
14  Қатты денелердiң желiлiк кеңею   Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    температуралық коэффициентiнің   Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    бірінші разрядты жұмыстық        сының        РМК (келісім     IV
    эталон бiрлiгiн құруға арналған  Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    жабдықтар сатып алу.             есеп
    90:1800 К температура ауқымындағы
          -6      -6 -1
    0,3х10  :25х10  К  ,
                     -7      -7 -1
    б(дельта)=0,25х10  :10х10  К
     
15                 -2                Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    /\        =2х10   салыстырғышпен Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    --оЕ(кси)                        сының        РМК (келісім     IV
    бiрге жылу өткiзгiштiң           Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    мемлекеттiк алғашқы эталон       есеп
    бiрлiгiн құруға арналған 
    жабдықтар сатып алу, температура 
    ауқымы 90:500 К, 
    0,1:5Вт/(м х К), 
            -3     -2
    S = 3х10  :1х10  , температура 
     0
    ауқымы 300:1100 К,
    5:20 Вт/(м х К), 
           -3     -2
    Ө =6х10  :2х10
     0   
     
16  Электролиттер ерiтiнділерінің    Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    үлестiк электр өткiзгiштiгiнiң   Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    мемлекеттiк арнайы эталон        сының        РМК (келісім     IV
    бiрлiгiн құруға арналған ауқымы  Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    0,1:10 См/м                      есеп
           -4
    Sо=3х10
           -4
    Өо=8х10   жабдықтар сатып алу
---------------------------------------------------------------------------
        8.3 Тамақ өнеркәсібінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін 
                          эталондық базаны жетілдіру     
     
17  Нитрат-ионның құрамын бақылауға   Қазақстан    Мемстандарт,     2001
    арналған өлшем шегi (0,01-0,0001) Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
           3                          сының        РМК (келісім     IV
    моль/дм  эталондық жабдықтар      Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    сатып алу                         есеп
     
18  Азық-түлiк өнiмдеріндегі          Қазақстан    Мемстандарт,     2001
    бифенилдердiң құрамын бақылауға   Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    арналған анықтау шегi 0,01 мг/кг  сының        РМК (келісім     IV
    эталондық жабдық сатып алу        Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
                                      есеп
 
19  Альдегидтердiң күлдiлiгiн,        Қазақстан    Мемстандарт,     2001
    ылғалдылығын бақылауға арналған   Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    толқын ұзындығы 11 нм, өлшем      сының        РМК (келісім     IV
    ұзақтығы 20 с. 92 стандартты      Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    калибрлеу эталонды жабдықтарын    есеп
    сатып алу

20  Микроорганизмдер құрамын          Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    бақылауға арналған температура    Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    ауқымы о                          сының        РМК (келісім     IІ
    (0:65)  С 1 ден 6-ға дейiнгi      Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    инкубаторлық блоктары бар         есеп
    эталондық жабдықтар сатып алу
     
21  Майлар мен спирттердi талдау      Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    кезiнде нитрозаминдердің құрамын  Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    бақылауға арналған анықтау шегі   сының        РМК (келісім     IІ
    0,01 мг/кг эталондық жабдықтар    Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    сатып алу                         есеп
     
22  Құрғақ заттар құрамындағы         Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    экстракттарда және қанттарда      Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    ылғалдықты бақылауға арналған     сының        РМК (келісім     IІІ
    сыну көрсеткіші 1,2-ден 1,7       Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    дейінгі эталондық жабдықтар       есеп
    сатып алу.
     
23  Қанттың, нитриттердің және        Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    сивуха майларының құрамын         Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    бақылауға арналған спектрлік      сының        РМК (келісім     IІІ
    ауқымы 315-тен 980 нм - дейін,    Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    (0,1:100)% эталондық жабдықтар    есеп
    сатып алу
---------------------------------------------------------------------------
          8.4 Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдаланудағы өлшем      
            бірлігін қамтамасыз ету үшін эталондық базаны жетілдіру     
     
24  рН бiрлiгінiң екi эталонын        Қазақстан    Мемстандарт,     2001
    (бiреуi мемлекеттiк ретiнде,      Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    екiншiсi жұмыстық ретiнде)        сының        РМК (келісім     IV
    құруға арналған жабдықтар мен     Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    материалдар сатып алу 2:9 рН      есеп
    бiрлiгi
    5:95 0С, S=0,004, рН бірлігі, 
    Ө=0,01 рН бірлігі, 
    5:8 рН бірлігі; 15:40 0С, 
    S=0,002 рН бірлігі, 
    Ө=0,001 рН бірлігі
     
25  Қоршаған орта объектiлерiнде      Қазақстан    Мемстандарт,     2001
    ауыр метал тұздарының құрамын     Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    бақылауға арналған анықтау        сының        РМК (келісім     IV
    шегi 0,01 мг/кг эталондық         Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    жабдықтар сатып алу               есеп

26  Анықтау шегi 0,001 мг/кг, қос     Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    сәулелi атомдық-абсорбциялық      Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    спектрофотометр автоматты         сының        РМК (келісім     IІ
    эталондық қондырғысын сатып алу   Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
                                      есеп
---------------------------------------------------------------------------
     8.5 Өлшем құралдарын өндiру мен сырттан әкелу, телекоммуникацияларға  
     енгізу және қазіргі эталондық базаны жете жарақтандыру кезiнде өлшем  
            бiрлiгiн қамтамасыз ету үшін эталондық базаны жетілдіру

27  Мынадай жолдармен:                Қазақстан    Мемстандарт,     2001
    интерферограммаларды өңдеудiң     Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    автоматтандырылған кешенiн жасау; сының        РМК (келісім     IІІ
    көрiнiстiк бейненiң компьютерлiк  Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    интерполляциясын жасау;           есеп
    бағдарламалық қамтамасыз етудi 
    жасау;
    жазық паралелльдi аяқтамалық 
    өлшемнiң 1 разрядты ұзындықтың 
    жетi жинағынан тұратын ауқымы 
    0,3:100 мм жинақтаушыларды 
    сатып алу арқылы ВЭТ 2-21-86 
    эталон көшiрмесi құрамында
    ұзындық бiрлiгінің эталонын 
    жаңғырту
     
28  МЕМСТ 8.065-85 талаптарын ескере  Қазақстан    Мемстандарт,     2001
    отырып, бiрiншi разрядты          Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    динамометрлер сатып алу           сының        РМК (келісім     IV
            6                         Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    200:1х10  Н,                      есеп
    /\ = 0,06%:0,1%
    --0

29  Күштiң мемлекеттiк алғашқы        Қазақстан    Мемстандарт,     2001
    эталон бiрлiгiн құруға арналған   Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    ауқымы                            сының        РМК (келісім     IV
           6                          Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    10:1х10 Н,                        есеп
           -6        -5
    S =5х10  , Ө=1х10   жабдықтар 
     0 
    сатып алу

30  Төменгi абсолюттiк қысым,         Қазақстан    Мемстандарт,     2001
    вакуумметрлердi қоса алғанда,     Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    эталон бірлігiн құруға арналған   сының        РМК (келісім     IV
    жабдықтар сатып алу               Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
      -7   3                          есеп
    10  :10  Па, 5:10 %, 
      -8   -1
    10  :10  Па, 10:30 %

31  Ауа қозғалысының жылдамдығы       Қазақстан    Мемстандарт,     2001 
    5-тен 15 м/с дейiнгi тозаңдану    Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    камерасын сатып алу               сының        РМК (келісім     IV
                                      Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
                                      есеп
     
32  Көп қырлы призма мен              Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    автоколлиматорды қоса алғанда,    Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    жазық бұрыштың бiрлiгiнiң о       сының        РМК (келісім     I
    эталонын құру үшін (0:360) ,      Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
                  о                   есеп
    дискреттiгi 10 С-тан кем емес, 
    S=0,01, Ө=0,02'' жабдықтар 
    сатып алу
     
33  Мемлекеттiк масса эталондарын     Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    жете жарақтандыру үшiн 1 кг,      Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    200 г, 50 г, 20 г және 5 г        сының        РМК (келісім     IІ
    жүктемелiк электрондық            Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    салыстырғыштар сатып алу          есеп
           -4     -2
    S = 2х10 : 5х10  мг 
     Е

34  Абсолюттiк қысым бiрлiгінің       Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    эталонын құру үшiн                Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
                2                     сының        РМК (келісім     IІІ
    (2,7:1300)10 Па                   Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    б(дельта)=0,01 % жабдықтар        есеп
    сатып алу
     
35  Артық қысым бiрлiгiнiң эталонын   Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    құру үшiн жабдықтар сатып алу     Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    (0,04:6) МПа,                     сының        РМК (келісім     IІІ
           -5                         Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    S =2х10  , дәлдiк тобы 0,005      есеп
     0 

36  Жауын қарқыны 3-тен 10 мм/мин-    Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    дейiн, жауын бiр үздiктiлiгi      Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    +/- 2 мм/мин жауын камерасын      сының        РМК (келісім     IV
    сатып алу                         Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
                                      есеп
     
37  Жиiлiгi мен кернеудiң ауқымын     Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    кеңейту жолымен ауыспалы ток      Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    кернеуiнiң мемлекеттiк эталон     сының        РМК (келісім     IV
    бiрлiгiн жаңғырту                 Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    0,001:1000 В,                     есеп
    10 Гц : 30 МГц
     
38  Мемлекеттiк индуктивтiктiң        Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    алғашқы эталон бiрлiгiн құруға    Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    арналған ауқымы                   сының        РМК (келісім     IV
        -6              -6        -6  Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
    1х10  :1 Гн, S =1х10  , Ө=5х10    есеп
                  0 
             -5
    v  - 1х10   кем емес жабдықтар 
     0 
    сатып алу
     
39  Электр сыйымдылығының             Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    мемлекеттiк эталон бiрлiгiн,      Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    шама бiрлiгiн беру процесiн       сының        РМК (келісім     IV
    автоматтандыру жолымен жаңғырту   Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
                                      есеп
     
40  Электр кедергiсiнiң мемлекеттiк   Қазақстан    Мемстандарт,     2002
    эталон бiрлiгiн, салыстырып       Республика.  "ҚазМетрИН"      жылдың
    тексеру жұмыс процесiн            сының        РМК (келісім     IV
    автоматтандыру жолымен жаңғырту   Үкіметіне    бойынша)         тоқсаны
                                      есеп
---------------------------------------------------------------------------
               8.6 Эталондық базаның сақталып ұсталуы
     
41  Мемлекетаралық және халықаралық   Қазақстан    Мемстандарт,     жыл 
    шама бірліктерінің эталондарымен, Республика.  "ҚазМетрИН"      сайын 
    сондай-ақ шет елдердiң ұлттық     сының        РМК (келісім
    шамалар бiрлiктерінiң             Үкіметіне    бойынша)                
    эталондарымен жыл сайынғы         есеп
    салыстыруды жүргізу
     
42  Эталондардың белгiленген          Қазақстан    Мемстандарт,     жыл 
    техникалық талаптарға сай болуын  Республика.  "ҚазМетрИН"      сайын 
    анықтау және растау мақсатында    сының        РМК (келісім
    мерзiмдiк салыстырып тексерудi    Үкіметіне    бойынша)
    жүргiзу                           есеп
     
43  Эталондарды сақтау және пайдалану Қазақстан    Мемстандарт,     жыл 
    шарттарын қамтамасыз ету          Республика.  "ҚазМетрИН"      сайын 
                                      сының        РМК (келісім
                                      Үкіметіне    бойынша)
                                      есеп
     
44  Эталондарды жаңғырту үшiн         Қазақстан    Мемстандарт,     жыл 
    жұмсалатын шығыс материалдарын    Республика.  "ҚазМетрИН"      сайын 
    және қосымша материалдарды        сының        РМК (келісім
    сатып алу                         Үкіметіне    бойынша)
                                      есеп
     
45  Қолда бар эталондарды жөндеудi    Қазақстан    Мемстандарт,     жыл 
    жүргiзу                           Республика.  "ҚазМетрИН"      сайын 
                                      сының        РМК (келісім
                                      Үкіметіне    бойынша)
                                      есеп

46  Сатып алынатын және қазiргi       Қазақстан    Мемстандарт,     жыл 
    эталондарға қызмет көрсету        Республика.  "ҚазМетрИН"      сайын 
                                      сының        РМК (келісім
                                      Үкіметіне    бойынша)
                                      есеп
---------------------------------------------------------------------------
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.