Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 165 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 мамыр N 589

Қолданыстағы
      "Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Z010146_ Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 165 P010165_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 54-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақта:
      "жүзеге асырушы" деген сөздерден кейін ", қорғаныс тапсырысын

қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты 
іске асырушы;" деген сөздермен толықтырылсын;
     11-тармақта:
     45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "45) қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау 
саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;";
     мына мазмұндағы 45-1) және 45-2) тармақшалармен толықтырылсын:
     "45-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс тапсырысын қалыптастырады, 
оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсынады және бекітілген 
тапсырмаларды мемлекеттік тапсырысшы мен орындаушыларға жеткізеді;
     45-2) қорғаныс тапсырысы тапсырмаларын орындау жұмыстарын ұйымдастыру 
жөніндегі салааралық үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
  

Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.