Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 мамыр N 582

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерді, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 P960281_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Масғұт Айқымбаевтың есімі берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Масғұт Айқымбаев атындағы қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" бөліміндегі реттік нөмірі 9-8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-8. "Масғұт Айқымбаев атындағы қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы" қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы";
      2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 P991852_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық

 

сақтау ісі жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:

     "Мемлекеттік кәсіпорындар" 2-бөліміндегі реттік нөмірі 35-жол мынадай

редакцияда жазылсын:

     "35. Масғұт Айқымбаев атындағы қазақ карантиндік және зооноздық

инфекциялар ғылыми орталығы".

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.