Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N 796 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 сәуір N 564

Қолданыстағы

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын

ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N 796 қаулысына мынадай толықтыру

енгізілсін:

     Ақмола облысының орталығы қоныс аударуына байланысты босайтын

ғимараттар мен қызметтік үй-жайлардың және оларда орналастырылатын

мемлекеттік органдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 32-жолмен

толықтырылсын:

"32. Ақмола облысы          1126,5        Астана қаласының

бойынша мемлекеттік                       әкімшілігі

мұрағат,

Әуезов көшесі, 43/1                                            ".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.