Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі N 400 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 сәуір N 548

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі N 400 P990400_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 12, 122-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

 

     2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

     "3) есептеу аспаптары болмаған жағдайда газбен жабдықтау, электрмен

жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау үшін төлемнің мөлшері жалпы

үйдегі ортақ есептеу аспаптарымен жабдықталған тұрғын үйлердің осындай

үлгілері (қабаты, ұзақтығы, қабырға материалы) бойынша қалыптасқан орташа

жылдық тұтыну нормалары ескеріле отырып айқындалады;".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.