Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 ақпандағы N 214 P010214_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктердің, агенттіктердің және ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде: реттік нөмірі 4-жолда: "238" деген сан "245" деген санмен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы "20" деген сан "27" деген санмен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктердің, агенттіктердің және ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде: реттік нөмірі 3-жолда "551" деген сан "829" деген санмен ауыстырылсын; реттік нөмірі 6-жол мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті 280". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.