"Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 сәуір N 541

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің "Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысы бойынша мемлекеттік меншік құқығы субъектісі функцияларын жүзеге асырушы органы деп белгіленсін.
      3. Құпия.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) бір айлық мерзімде Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі:
      "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30а-4-жолмен толықтырылсын: "30а-4. "Арнайы бағдарламалардың
         ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық
         мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы";
      2) "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің

мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы 
N 165  

P010165_

  қаулысына:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика 
және сауда министрлігіне қарасты мекемелердің тізбесінде мынадай 
мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:
     "4. "Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы" 
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны".
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
 

Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.