"Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 сәуір N 541

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің "Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы деп белгіленсін. <*>
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.20. N 837 қаулысымен .

      3. Құпия.

      4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) бір айлық мерзімде Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі:
      "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30а-4-жолмен толықтырылсын: "30а-4. "Арнайы бағдарламалардың
         ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық
         мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы";
      2) "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 165 қаулысына :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне қарасты мекемелердің тізбесінде мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:
      "4. "Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны".
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі