Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 21 сәуір N 539

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет 
көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  

P971037_

  қаулысына 
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) мынадай 
толықтырулар енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға 4-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен 
толықтырылсын:
     
"Қылқан          4403 10-нан - 4403 20*    Қазақстан
жапырақты                                  Республикасының
тұқымдастардың                             Табиғи ресурстар
жұмыр ағаш                                 және қоршаған
материалдары                               ортаны қорғау
                                           министрлігі

                 4401 10 000*-нан    
Қылқан                                     Қазақстан
жапырақты                                  Республикасының
тұқымдастардың                             Табиғи ресурстар
бөрене түріндегі                           және қоршаған
отындық сүректері                          ортаны қорғау
                                           министрлігі".
     
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне 
енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     

Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.