Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бұқаралық ақпарат құралдары тiлшілерiнiң және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдары тiлшілерiнiң мәртебесi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы N 19 сәуір N 523

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бұқаралық ақпарат құралдары тiлшілерiнiң және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдары тiлшiлерiнiң мәртебесi

туралы 2000 жылғы 9 қазанда Астана қаласында жасалған келiсiм бекітiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi    
       арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы         
     бұқаралық ақпарат құралдары тiлшілерiнiң және Ресей Федерациясының
         Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдары
                  тiлшілерiнiң мәртебесi туралы
                            Келiсiм
     
     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен 
Ресей Федерациясының Yкiметi,


      екi елдiң қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрi туралы ақпараттардың кеңiнен және еркiн таралуы үшiн жағдайлар жасау қажеттiлігiн негiзге ала отырып,
      журналистердi және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерiн құқықтық қорғау және олардың кәсiби қызметтерiн жүзеге асыруы үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілiгiн ескере отырып,
      1948 жылғы Адам құқығының жалпыға бiрдей декларациясының ережелерiн басшылыққа ала отырып,
      1975 жылғы Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi кеңестiк Қорытынды актiсiндегi және ақпарат пен гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа қатысты ЕҚЫҰ-ның кейiнгi құжаттарындағы ережелердiң орындалуына жәрдемдесуге тiлек бiлдiре отырып,
      кең ауқымда ақпараттар алмасуға жәрдемдесудi және аталған салада келiсiмдер жасасу қажеттілiгiн көздеген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығын құру туралы 1991 жылғы 8 желтоқсандағы келiсiмнiң 4-бабына Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде және екi жақты негiзде қол жеткiзiлген басқа да уағдаластықтарға сәйкес iс-қимыл жасай отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

                             1-бап

      1. Осы Келiсiмде келтiрiлген төмендегi терминдер мынадай мағынаны бiлдiредi:
      - "шетел тiлшілері" - Ресей Федерациясында тiркеуден өтiп, Қазақстан Республикасында есепке алынған бұқаралық ақпарат құралдарының (агенттіктер, газеттер, журналдар, басқа да мерзiмдi басылымдар, баспалар, радио және телевидение) тiлшiлерiн және Қазақстан Республикасында тiркеуден өтiп, Ресей Федерациясында тiркелген бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілерін бiлдіредi;
      - "тіркелген мемлекеті"- шетелдік тілші тіркелген мемлекетті бiлдiредi;
      - "тiркеу" - тiркейтiн мемлекеттiң уәкiлеттi органы жанында бұқаралық ақпарат құралы өкілінің белгілi бір мерзiмге тағайындалғанын және оның тіркеу құжатын алғандағын білдіреді;
      - "уәкiлеттi орган"- тiркейтiн мемлекеттiң аумағында тiркеудiң және шетел тілшілері қызметінің мәселелерін реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк органды бiлдiредi.
      2. Шетел тiлшiлерi ретiнде тiркейтiн мемлекеттердiң азаматтары тiркелуi мүмкiн.

                             2-бап

      Тiркейтiн мемлекеттегi шетел тiлшiлерiнiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларымен, тiркейтiн мемлекеттiң заңнамасымен және осы Келiсiмнiң ережелерiмен айқындалады және реттеледi.

                             3-бап

      Тараптар өз мемлекетiнiң уәкiлеттi органдары мен ұйымдары арқылы және ұлттық заңнамасы шеңберiнде тiркейтiн мемлекеттiң саяси, әлеуметтiк-экономикалық және мәдени өмiрi туралы шетел тiлшiлерiнiң шынайы ақпараттар алуына және таратуына, жалпы жұрт таныған журналистiк этика нормаларын сақтауына жан-жақты көмек көрсетедi.

                              4-бап

      Тараптар өз мемлекетiнiң уәкiлеттi органдары мен ұйымдары арқылы ұлттық заңнама шеңберiнде өздерiнiң кәсiби мiндеттерiн жүзеге асыруы кезінде шетел тілшiлерiнiң ресми ақпарат көздерiне еркiн рұқсат алуын, сондай-ақ шетел тiлшiлерiнiң ақпарат көзi құпиялылығын сақтау құқығын қамтамасыз етедi.

                              5-бап

      Тараптар уәкiлеттi органдар мен ұйымдары арқылы өз мемлекеттерінде баспасөз орталықтарын құруға және олардың жұмыс істеуіне жәрдемдеседi, сондай-ақ шетел тілшілері үшiн ресми баспасөз конференцияларының және басқа да сол сияқты іс-шаралардың ашық өткізілуін қамтамасыз етеді.

                              6-бап

      Тіркейтін мемлекеттің ұлттық заңнамасының талаптарын ескере отырып, өзара құрмет тұту негізінде шетел тілшілерінің Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумақтарында, бару үшін арнайы тәртіп белгіленген аудандар мен объектілерді қоспағанда, емін-еркін қозғалуына және кәсіби міндеттерін атқаруына құқық беріледі.

                              7-бап

      Тараптар уәкiлеттi органдары мен ұйымдары арқылы шетел тiлшiлерiнiң тiркейтiн мемлекеттiң ұлттық заңнамасы тыйым салмаған тәсiлмен өздерiнiң материалдарын, радио, видео және телеақпараттарын қандай да болсын цензурасыз, еркiн беру құқықтарының сақталуын қамтамасыз етедi.

                              8-бап

      Тараптар уәкiлеттi органдары мен ұйымдары арқылы шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлер қосындарын ашу және шетел тiлшiлерiн тiркеу жөнiндегi шешiмдер қабылдауды, өтiнiш берілген күннен бастап екi айдан аспайтын, Тараптар мемлекет мемлекеттерінің заңнамаларында белгіленген мерзiмде қамтамасыз етедi.
      Шетел тiлшiлерiн тiркеу және шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшілер қосындарын ашу туралы шешiмдер қабылдауды тiркейтiн мемлекеттiң уәкiлеттi органдары халықаралық құқықтың нормаларына және тiркейтін мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

                              9-бап

      Тараптар уәкiлеттi органдары мен ұйымдары арқылы өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес қажет болған жағдайда тұрақты тiркелген шетел тiлшiлерінің және олардың отбасыларының тұрғын үйді, тілшілер қосындарын орналастыру үшін тұрғын жайды сатып алуына немесе оларды жалдауына, сондай-ақ күтпеген жағдайлар кезінде (табиғат апат, жазатайым жағдай) көмек беруде жәрдем көрсетеді.

                              10-бап

     Тараптардың тиiстi органдары мен ұйымдары, шетел тiлшiсi тiркейтiн  
мемлекеттiң заңнамасын немесе осы Келiсiмнiң ережелерiн бұзған 
жағдайларынан басқа реттерде, шетел тiлшiсi өкілі болып табылатын 
бұқаралық ақпарат құралдарына берген ақпараттың мазмұнына байланысты 
шектеу шараларын, оның ішінде журналисті тіркеуден айыру немесе оны 
тіркейтін мемлекеттен шығарып жіберу сияқты шараларды қабылдаудан 
тартынатын болады.
     
                             11-бап
     
     Тараптар осы Келісімнің орындалу барысын оқтын-оқтын қарап отырады.
     Осы Келiсiм ережелерiн түсiндiруге және қолдануға байланысты 
мәселелердi Тараптардың уәкiлеттi органдары келiссөз және консультациялар 
арқылы шешетiн болады.
     Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмiмен өзгерiстер мен толықтырулар 
енгiзiлуi мүмкiн.
     
                             12-бап
     


      Тараптар өздерiнiң уәкiлеттi органдары мен ұйымдарының тағайындалуы, сондай-ақ осы мәселедегi кез келген өзгерiстер туралы бір-бiрiн оқтын-оқтын хабардар етiп тұруға мiндеттенедi.

                              13-бап

      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшілік рәсiмдердi

Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен 
бастап күшiне енедi.
     Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалды және Тараптардың бiрi тиісті 
мерзiмi аяқталардан алты ай бұрын келiсiмнің қолданысын тоқтату ниетi 
туралы екiншi Тарапқа жазбаша жіберген уақытқа дейін әрбір жолы келесі 
бесжылдық кезеңге өздігінен ұзартылатын болады.
     
     Астана қаласында 2000 жылғы 9 қазанда әрқайсысы қазақ және орыс 
тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей.
     
     Қазақстан Республикасының        Ресей Федерациясының
         Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін
     
   
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.