"Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлік қоғамы қызметінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 сәуір N 497

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - "Қазақойл" ҰМК) бірлесіп:
      1) бір апта мерзімде 2000 және 2001 жылдары "Қазақойл" ҰМК шоттарына түскен 55 200 000 (елу бес миллион екі жүз мың) АҚШ доллары сомасындағы ақшаны "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі әріптестігі (бұдан әрі - ТШО) мен "Қазақойл" ҰМК арасындағы 1993 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасында сатып алу үшін өтемдер төлеуге қатысты Заем туралы шарт бойынша қарыз пайызын өтеу есебіне республикалық бюджеттің кірісіне жіберілуін қамтамасыз етсін;
      2) екі ай мерзімде ТШО, "Қазақойл" ҰМК мен Трансошен Шеврон Компани арасындағы 1993 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасында сатып алу үшін өтемдер төлеуге қатысты Заем туралы шарт және ТШО, "Қазақойл" ҰМК мен Трансошен Шеврон Компани арасындағы 1993 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасындағы ақшалай қаражатты беру туралы сұранысқа ақы төлеуге қатысты Заем туралы шарт бойынша негізгі борыш пен қарыз пайызын өтеу

 

есебіне түсімдерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберу

бөлігінде ТШО-ны құру және оның қызметіне қатысты шарттарға өзгерістер мен

толықтырулар енгізу жөнінде шаралар қабылдасын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.