Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 қаңтардағы N 70 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 сәуір N 475

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасы Үкіметінің арасындағы Салық заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қою туралы өкілеттік туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 қаңтардағы N 70 P010070_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

 

     1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы

Сергей Михайлович Кузьменкоға Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасы Үкіметінің

арасындағы Салық заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес саласындағы

ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.