Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің "Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 сәуір N 469

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны оны қайта құру жолымен, жарғылық капиталда мемлекеттiң жүз пайыздық қатысуымен "Қазақ энциклопедиясы" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      1) жарғыны бекiту кезiнде Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi болып баспа өнiмдерiн шығару белгiленсiн;
      2) Әдiлет органдарында Қоғамның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) Қоғамның акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң, оның 33 пайызынан аспайтын мөлшердегi бөлiгiн сатуды жүзеге асырсын.
      3. Қоғамға, акциялардың бiрiншi эмиссиясын толық орналастырғаннан кейiн жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнiң 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың кейiнгi эмиссиясын шығару жолымен, оның жарғылық капиталын ұлғайтуға шаралар қабылдауға рұқсат берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi екi апталық мерзiмде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне:
      1) Қоғамның мемлекеттiк тiркелуiне арналған құжаттарға қол қоюға және ұсынуға өкiлеттi тұлғаның кандидатурасы;
      2) Қоғамның директорлар кеңесi мен ревизиялық комиссиясының құрамы;
      3) Қоғам акцияларының қосымша эмиссияларын орналастыруды жүзеге асыратын тұлғалар арасындағы топ жөнiндегi ұсыныстарын берсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 25, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiндегi:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісiм министрлiгi" бөлiмiнде реттiк нөмiрi 409-5-жол алынып тасталсын;
      2) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншіктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiндегi:
      "Алматы қаласы" бөлiмiнде:
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-33-жолмен толықтырылсын:
      "123-33. "Қазақ энциклопедиясы" ЖАҚ.
      3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:

 

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген иелiк ету және пайдалану құқығы

салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн

республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік үлестерінің

тiзбесiндегi:

     "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім

министрлігі" бөлімінде:

     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 224-6-жолмен толықтырылсын:

     "224-6. "Қазақ энциклопедиясы" ЖАҚ.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.