Қазақстан Республикасының отандық мұнай өңдеу зауыттарының жүктемесін қамтамасыз ету және мұнай өнiмдерінің iшкi рыногын тұрақтандыру мақсатында сондай-ақ "Өнiмдi табиғи нысанда бөлу туралы келiсiм-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилерi мен үлестерiн белгiлеу және оны төлеудiң тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1997 жылғы 12 қыркүйектегi N 1329 P971329_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) қолда бар қуаттардың жұмыс iстеуi мақсатында отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткiзуге жататын шикi мұнайдың көлемiн айқындасын;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға қосымша келiсiмдер жасассын, онда:
Қазақстан Республикасының Үкiметi 2000 жылы мемлекет атынан роялти алушы деп айқындаған жер қойнауын пайдаланушылардан "Мұнай-Импекс" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Мұнай-Импекс" ЖАҚ), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар роялтимен есеп айырысу кезiнде қолданатын бағалар бойынша, шикi мұнай түрiндегi көмiрсутектi шикiзат көлемiн алуын қамтамасыз етсiн;
"Мұнай-Импекс" ЖАҚ алуға жататын көмiрсутектi шикiзат көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар төлейтiн роялти төлеудің табиғи нысаны болып табылады деп айқындасын;
жер қойнауын пайдаланушымен келiсiм бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда белгіленген мерзiмдерге қарағанда, роялти төлеу есебіне шикі мұнай көлемін берудің неғұрлым ерте мерзімдерін айқындасын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. "Мұнай-Импекс" ЖАҚ (келiсiм бойынша):
1) оларды кейiннен сатып, жер қойнауын пайдаланушылардан роялти төлеу есебiне табиғи нысанын жеткiзiлетiн шикi мұнайдың көлемiн қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында роялти төлеу үшiн
белгiленген мерзiмдерде жер қойнауын пайдаланушылар есептеген роялти
сомаларын республикалық бюджетке есепке алуды жүргiзсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары - Энергетика және минералдық ресурстар
министрi В.С.Школьникке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және 2001 жылғы
31 желтоқсанға дейiн қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.