Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 87 және 2001 жылғы 9 ақпандағы N 214 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 сәуір N 452

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 87 P010087_ қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті туралы ережеде:
      12-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) өзінің құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды;";
      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
      "19-1. Төраға және оның орынбасарлары өздерінің құзыреттері шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады.";
      2) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2001 жылғы 9 ақпандағы N 214 қаулысына:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер, агенттіктер мен 
ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттерінде:
     4) тармақшада реттік нөмірі 3-жолдағы "22" деген сан "33" деген 
санмен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі


Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.