Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 сәуір N 437

Қолданыстағы
      Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, олардың айналысы, өтеу және оларға қызмет көрсету саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі


                                               Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі N 437 қаулысымен бекітілген


        Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
             енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді - МЕККАМ шығару, айналысқа қосу және өтеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 786 P960786_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 225-құжат):
      тақырыбындағы "тәртібін" деген сөз "ережесін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1) 1-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдынан "Қоса беріліп отырған" деген сөздермен толықтырылсын;
      "тәртібі туралы Ереже" деген сөздер "ережесі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "алты" деген сөзден кейін ", тоғыз" деген сөзбен толықтырылсын;
      "(қоса беріліп отыр)" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 2-тармақтағы "1996-1999 жылдары айналыс мерзімі үш, алты және он екі ай болатын мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕККАМ республикалық бюджетте тиісті жылға көрсетілген көлемде шығаруды" деген сөздер "тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген үкіметтік борыш лимитінің шегінде айналыс мерзімі үш, алты, тоғыз және он екі ай болатын мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерін - МЕККАМ пайдалана отырып қарыз алуды жүзеге асыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының айналыс мерзімі үш, алты және он екі ай болатын мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерін - МЕККАМ шығару, айналысқа қосу және өтеу тәртібі туралы ережеде:
      тақырыбында:
      "тәртібі туралы Ереже" деген сөздер "ережесі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "алты" деген сөзден кейін ", тоғыз" деген сөзбен толықтырылсын;
      3-тармақ "алты" деген сөзден кейін ", тоғыз" деген сөзбен толықтырылсын;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Тиісті кезеңге сыйақы сомасын есептеу үшін мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер - МЕККАМ айналысының есептік кезеңдегі күнтізбелік күндердің саны және жылдағы 365 күн қолданылады.";
      7-тармақтағы "республикалық бюджетте тиісті жылға көзделген көлемге" деген сөздер "тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген үкіметтік борыш лимитіне және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13-тармақ:
      "алты айлық" деген сөздерден кейін ", тоғыз айлық" деген сөздермен толықтырылсын;
      "жүз сексен екінші" деген сөздерден кейін "екі жүз жетпіс үшінші" деген сөздермен толықтырылсын;
      "үш жүз алпыс төртінші" деген сөздер "үш жүз алпыс бесінші" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14-тармақта:
      "ағымдағы баға бойынша" деген сөздер "дисконтталған баға бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "келісілген" деген сөзден кейін "және оларды орналастырудың дисконтталған бағасы мен мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелердің - МЕККАМ айналыста болған нақты уақыт үшін есептелген сыйақыны ескере отырып есептеп шығарылған" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Егер мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелердің - МЕККАМ бастапқы құнын мерзімінен бұрын өтеу күні немесе өтеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда, егер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі өзгеше көздемесе, өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.";
      мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын;
      "15. Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын операциялар бойынша салық салудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.".
      2. "Қазақстан Республикасының айналыс мерзімі екі және үш жылдық мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, айналысқа қосудың және өтеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 маусымдағы N 945 P970945_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 25, 228-құжат):
      тақырыбында:
      "тәртібі туралы ережені" деген сөздер "ережені" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "және үш жылдық" деген сөздер "жыл және одан да көп" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) 1-тармақта:
      "тәртібі туралы ереже" деген сөздер "ережесі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "және үш жылдық" деген сөздер "жыл және одан да көп" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 2-тармақтағы "1997-2000 жылдарда республикалық бюджетте көзделген мемлекеттік борыш лимитінің шегінде қазынашылық міндеттемелерді айналысқа шығаруды" деген сөздер "республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген үкіметтік борыш лимитінің шегінде қазынашылық міндеттемелерді пайдалана отырып қарыз алуды жүзеге асыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының айналыс

мерзімі екі және үш жылдық мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық 
міндеттемелерін шығарудың, айналысқа қосудың және өтеудің тәртібі туралы 
ережеде:
     тақырыбында:
     "тәртібі туралы ереже" деген сөздер "ережесі" деген сөзбен 
ауыстырылсын;
     "және үш жылдық" деген сөздер "жыл және одан да көп" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     1-тармақтың бірінші абзацында:
     "және үш жылдық" деген сөздер "жыл және одан да көп" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
     "Айналыс мерзімі алты айға еселенген болуы тиіс.";
     7-тармақта:
     "жылдық кірістілігімен" деген сөздер "сыйақының жылдық ставкасымен" 
деген сөздермен ауыстырылсын;
     "бірыңғай проценттік ставка" деген сөздер "сыйақының бірыңғай 
ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
     9-тармақта:


      "Қазынашылық міндеттемелер кірістілігінің проценттік ставкасы" деген сөздер "Қазынашылық міндеттемелер бойынша сыйақының ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші сөйлемдегі "Проценттік ставка" деген сөздер "Сыйақының ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақта:
      "Проценттерді" деген сөз "Сыйақыны" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "проценттік" деген сөз алынып тасталсын;
      ", бұл ретте тиісті кезеңге арналған сыйақы сомасын есептеу үшін қазынашылық міндеттемелер айналысының есептік кезеңіндегі күнтізбелік күндердің саны және жылдағы 365 күн қолданылады" деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақтағы "проценттер" деген сөз "сыйақы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12-тармақтағы "республикалық бюджетте көзделген мемлекеттік борыштың" деген сөздер "республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген үкіметтік борыш лимитінің және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18-тармақтағы "проценттері" деген сөз "сыйақыны" деген сөзбен ауыстырылсын;
      19-тармақ:
      "міндеттемелері" деген сөзден кейін "сыйақы есептеудің кезекті кезеңінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Егер қазынашылық міндеттемелердің атаулы құнын мерзімінен бұрын өтеу күні немесе өтеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда, егер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі өзгеше көздемесе, өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.";
      мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
      "20. Қазынашылық міндеттемелермен жасалатын операциялар бойынша салық салудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.".
      3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, айналысқа енгізудің және өтеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1859 P971859_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 57, 520-құжат):
      атауындағы "тәртібі туралы ережені" деген сөздер "ережесін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1) 1-тармақтағы "тәртібі туралы ережені" деген сөздер "ережесі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, айналысқа енгізудің және өтеудің тәртібі туралы ережеде:
      тақырыбындағы "тәртібі туралы ереже" деген сөздер "ережесі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мәтіндегі "(мүдде)" және "(мүдденің)" деген сөздер алынып тасталсын;
      9-тармақ ", бұл ретте тиісті кезеңге арналған сыйақы сомасын есептеу үшін арнаулы қазынашылық міндеттемелер айналысының есептік кезеңіндегі күнтізбелік күндердің саны және жылдағы 365 күн қолданылады" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
      "19-1. Эмитент арнаулы қазынашылық міндеттемелерді сыйақы есептеудің кезекті кезеңінде олардың айналыста болған нақты уақыты үшін сыйақы төлей отырып, мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға құқылы. Эмитенттің мерзімінен бұрын өтеу туралы шешімі мұндай өтеу күніне дейін 7 жұмыс күні бұрын Ұлттық Банкке (келісім бойынша), ал ол, өз кезегінде, 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы бастапқы дилерлерге хабарлайды.
      Егер арнаулы қазынашылық міндеттемелердің бастапқы құнын мерзімінен бұрын өтеу күні немесе өтеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда, егер Эмитент өзгеше көздемесе, өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.";
      21-тармақтағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі Заң күші бар Жарлығымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) Қосымшада Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелерін шығарудың ауқымды сертификатында "тәртібі туралы ережеге" деген сөздер "ережесіне" деген сөзбен ауыстырылсын.
      4. "Қазақстан Республикасының айналым мерзімі үш ай және одан астам мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, олардың айналымының және өтелуінің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 наурыздағы N 220 P990220_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 62-құжат):
      1) 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылға мемлекеттік борышы лимитінің шегінде мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелерді шығаруды" деген сөздер "республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген үкіметтік борыш лимитінің шегінде индекстелген қазынашылық міндеттемелерді пайдалана отырып қарыз алуды жүзеге асыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының айналым мерзімі үш ай және одан астам мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, олардың айналымының және өтелуінің тәртібінде:
      мәтіндегі "(мүдде)" және "(мүдденің)" деген сөздер алынып тасталсын;
      12) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі борышының тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген лимитінің" деген сөздер "тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген үкіметтік борыштың және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) тармақша ", бұл ретте тиісті кезеңге арналған сыйақы сомасын есептеу үшін индекстелген қазынашылық міндеттемелер айналысының есептік кезеңіндегі күнтізбелік күндердің саны және жылдағы 365 күн қолданылады" деген сөздермен толықтырылсын;
      20) тармақшада:
      "С=N*К/100*91/364" деген формула "С=N*К/100*D/365" деген формуламен ауыстырылсын;
      "91" деген сан "D" деген әріппен ауыстырылсын;
      "364" деген сан "365" деген санмен ауыстырылсын;
      23) тармақша:
      "міндеттемелерді" деген сөзден кейін "сыйақы есептеудің кезекті кезеңінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Егер индекстелген қазынашылық міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеу күні немесе өтеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда, егер Эмитент өзгеше көздемесе, өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.".
      5. "Қазақстан Республикасының айналыс мерзімі үш, алты, тоғыз және он екі ай мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелерін шығарудың, айналысының және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі N 398 P990398_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 12, 121-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының айналыс мерзімі үш, алты, тоғыз және он екі ай мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелерін шығарудың, айналысының және өтеудің ережесінде:
      12-тармақтағы "әр эмиссияның шарттарын жариялау кезінде Эмитент белгілейтін төлеу күні сағат 11-00-ге дейін" деген сөздер алынып тасталсын;
      16-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Тиісті кезеңге сыйақы сомасын есептеу үшін қазынашылық міндеттемелер айналысының есептік кезеңіндегі күнтізбелік күндердің саны және жылдағы 365 күн қолданылады.";
      17-тармақтағы "үш жүз алпыс төртінші" деген сөздер "үш жүз алпыс бесінші" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:
      "22. Эмитент қазынашылық міндеттемелерді Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясымен келісілген және оларды орналастырудың дисконтталған бағасын және қазынашылық міндеттемелердің айналыста болған нақты уақыты үшін есептелген сыйақыны ескере отырып есептеп шығарылған дисконтталған баға бойынша мерзімінен бұрын өтеуге құқылы. Төлемдер мерзімінен бұрын өтеу күнінің алдындағы күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша теңгемен жүргізіледі. Эмитенттің мерзімінен бұрын өтеу туралы шешімі мұндай өтеу күніне дейін 7 жұмыс күні бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (келісім бойынша), ал ол, өз кезегінде, 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, ол туралы

бастапқы дилерлерге хабарлайды.
     Егер қазынашылық міндеттемелердің бастапқы құнын мерзімінен бұрын 
өтеу күні немесе өтеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда, егер 
Эмитент өзгеше көзделмесе, өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші 
жұмыс күні жүргізіледі.".
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.