"Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы N 676 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 2 сәуірдегі
N 431 қаулысына
қосымша
Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссияның
құрамы
Құлмаханов Шалбай - Қазақстан Республикасының Төтенше Құлмаханұлы жағдайлар министрi, төраға
Бижанов Нұрахмет - Қазақстан Республикасының Төтенше
Құсайынұлы жағдайлар бiрiншi вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Сатылғанов - Қазақстан Республикасы Төтенше
Диханбек Жанқоразұлы жағдайлар министрлiгi Азаматтық
қорғаныс, әскери бөлiмдер және жедел
ден қою департаментiнiң директоры,
хатшы
Комиссия мүшелері:
Белоног - Қазақстан Республикасының
Анатолий Александрович Денсаулық сақтау вице-министрi-
Қазақстан Республикасының Бас
мемлекеттік санитарлық дәрiгерi
Қиынов Ләззат - Қазақстан Республикасының Энергетика және Кетебайұлы минералдық ресурстар вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Керелбаев Сақып - Маңғыстау облысы әкiмiнiң бiрiншi
Бүркiтбайұлы орынбасары
Лавриненко Юрий - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Иванович коммуникациялар вице-министрi
Абайдiлдин - Қазақстан Республикасының
Талғатбек Жәмшитұлы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi
Рысқалиев - Атырау облысы әкiмiнiң орынбасары
Бергей Сәулебайұлы
Оңғарбаев - Қызылорда облысы әкiмiнiң
Имамадин Зәкiрұлы орынбасары
Өмiрзақов - Ақтөбе облысы әкiмiнiң бiрiншi
Iзбақ Қуанышұлы орынбасары
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.09. N 9 , 2003.04.09. N 339 , 2004.02.16. N 183 , 2004.07.22. N 786 , 2005.06.22. N 616 , 2005.11.14. N 1126 қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2001 жылғы 2 сәуiрдегi
N 431 қаулысымен
бекiтiлген
Мұнайдың төгілуiне ден қою жөнiндегi ұлттық
комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
1. "Теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi айдындарында мұнайдың төгiлуiнiң алдын алу және оған ден қою жөнiндегi ұлттық жоспарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 6 мамырдағы N 676 қаулысын (бұдан әрi - Ұлттық жоспар) iске асыру мақсатында құрылған Мұнайдың төгiлуiне ден қою жөнiндегi ұлттық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Yкiметiнiң кесiмдерiн, басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
3. Комиссияның мiндеттерi:
1) Теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi айдындарында мұнайдың төгiлуiнiң алдын алу және оған ден қою саласында бiртұтас мемлекеттiк саясат жүргiзуге қатысу;
2) Қазақстан Республикасының шегiнде мұнайдың төгiлуiне ден қою шараларын қолдану жөнiндегi орналастыру және дайындау жүйелерiн қалыптастыру бойынша Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының және басқа да ұйымдардың іс-қимылдарын үйлестiру және басшылыққа алу;
3) мұнайдың теңiзге және iшкi су айдындарына келiп түсуiне және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соқтыруы мүмкiн төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда ден қоюдың дайындық шараларын жүзеге асыру;
4) Ұлттық жоспар шеңберiнде мұнайдың төгілуiне ден қою жөнiндегi iс-қимылдарды үйлестiру болып табылады.
4. Көрсетiлген мiндеттердi орындау үшiн Комиссия заңнамада белгіленген тәртiппен мынадай функцияларды:
1) мұнайдың төгілуiне қарсы күрес жүргiзу үшiн қолда бар жабдықтарды анықтауды;
2) бағдарламаларды үйлестiрушiлердiң ұсынысы бойынша тиiстi компаниялардың қатысуымен мұнайдың төгiлуiне ден қою жөнiнде мерзiмдi жаттығулар жүргiзудi келiсудi;
3) Ұлттық жоспар шеңберiнде мұнайдың төгiлуiне ден қою жөнiндегi iс-қимылдарды үйлестiрудi және басшылыққа алуды;
4) адамдардың денсаулығы мен өмiрiн, теңiздер мен iшкi су айдындарының өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн мұнайдың төгiлулерiнен сақтауға бағытталған шаралардың стратегиясын орындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi;
5) ден қою шараларының мониторингiн;
6) мұнайдың төгiлуiне ден қою шараларына мемлекеттiк басшылық ету туралы және үшiншi деңгей төгiлген жағдайда ұлттық жоспарды iске қосуды енгiзу туралы хабарландыруды;
7) төгiлулердi және олардың зардаптарын жою жөнiнде шаралар ұйымдастыруды;
8) теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi су айдындарында төгiлулердiң себептерiн тексеру бойынша ұсыныстар жасауды;
9) мұнайдың төгiлулерiнiң зардаптарынан болған экономикалық зиянды талдауды;
10) теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi су айдындарында төгiлудiң алдын алу мен оған ден қою жөнiндегi iс-шаралардың тиiмділігiне баға берудi;
11) оқиға болған жердегi ден қою шараларын үйлестiрушiлерге және жұмыстардың басшысына консультация берудi және жұмыстарды жүзеге асыру барысында техникалық консультациялар берудi;
12) төгiлу мәртебесiне және мұнайдың төгiлуiн оқшауландыру және жою барысына қатысты баспасөз - релиздер мен өтiнiштер дайындауды;
13) мұнайдың төгiлулерiн жою жөнiнде жүргiзiлген жұмыстардың нәтижесiнде алынған материалдарды жинақтауды және тиiстi компаниялар мен мүдделi мемлекеттiк органдарды таныстыра отырып ұсыныстар дайындауды;
14) мемлекетаралық мәселелер мен дауларды шешу кезiнде, оның iшiнде трансшекаралық төгiлулер болған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен консультацияларды;
15) теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi су айдындарында мұнайдың төгiлуiнiң алдын алу және оған ден қою саласында халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгiзудi;
16) Комиссияда қараған және ұсынған аса маңызды мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметiне ақпарат берудi;
17) және Ұлттық жоспармен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Комиссияның негiзгi құқықтары
5. Комиссия жүктелген мiндеттерге сәйкес:
1) өз мiндетiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен және басқа да ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;
2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
3) Комиссияның мiндетiне кiретiн мәселелер бойынша ұсынымдар жасауға;
4) мемлекеттiк органдардан және басқа да ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды заңнамада белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
5) мұнайдың төгiлуiне қарсы күресу үшiн жабдықтарды пайдалану жөнiнде ұсыныстар жасауға;
6) теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi су айдындарында мұнайдың төгiлуiнiң алдын алу және оған ден қою мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар ұсынуға;
7) жұмыс топтарын құру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
8) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан және басқа да ұйымдардан заңнамада белгiленген тәртiппен Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпараттық, талдамалық, техникалық, анықтамалық-статистикалық материалдарды сұратуға және алуға;
9) Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
10) Комиссияның жұмысына қатысу үшін заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың тиiстi сарапшылары мен консультанттарын тартуға құқығы бар.
Комиссияның қызметін ұйымдастыру
6. Комиссияның тұрақты қызметi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң басшылығымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.22. N 616 қаулысымен.
7. <*>
Ескерту. 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22. N 616 қаулысымен.
8. Комиссияның жыл сайын қайта қаралатын және жаңартылатын дербес құрамын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.22. N 616 қаулысымен.
9. Отырыстың күн тәртiбiндегi әрбiр мәселе бойынша Комиссияның шешiмдерi отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады.
10. Комиссия мүшелерi шешiм қабылдау кезiнде тең дауысқа ие болады.Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
11. Комиссияның шешiмi Комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатқа ие.
12. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiр айтуға құқылы, айтқан жағдайда ол жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс.
13. Комиссия хатшысы:
1) Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар дайындайды, Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды;
2) Комиссия мүшелерi мен оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.
14. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.