Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 сәуір N 430

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 P001376_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-тармақта:
      Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:
      Рогов Игорь Иванович - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, Комиссия төрағасы;
      Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Заң бөлiмiнiң меңгерушiсi, Комиссия төрағасының орынбасары;
      Шайманов Болат Елтайұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитет төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша), Комиссия мүшесi;
      Сәрсеков Бексұлтан Сәрсекұлы - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi, Комиссия мүшесі;
      Нұрғалиева Еңлiк Нұрғалиқызы - Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Аппараты Құқықтық сараптама бөлiмiнiң меңгерушiсi (келiсiм бойынша), Комиссия мүшесi;
      Сыздықбекова Әлия Тұрсынқызы - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Аппараты Заң бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi (келiсiм бойынша), Комиссия мүшесi;
      мына жолдар:
      "Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика вице-министрi, Комиссия мүшесi;
      Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика,

 

индустрия және сауда вице-министрi, Комиссия мүшесi"

     мынадай редакцияда жазылсын:

     "Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика

және сауда вице-министрi, Комиссия мүшесi;

     Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика және

минералдық ресурстар вице-министрi, Комиссия мүшесi";

     көрсетiлген құрамнан Бауыржан Әлiмұлы Мұхамеджанов шығарылсын;

     2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының

уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесiнде:

     11-тармақтың 2) тармақшасындағы "Экономика" деген сөзден кейiн "және

сауда" деген сөздермен толықтырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.