Қазақстан Республикасы Президентінің "Алматы қаласының мәртебесі және оны одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 20 қазандағы N 3698 U973698_ Жарлығына және "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Биік таудағы "Медеу" спорт кешені" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы Алматы қаласы әкімінің ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасындағы талаптарға сәйкес "Биік таудағы "Медеу" спорт кешені" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беруді қамтамасыз етсін.
3. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде реттік нөмірі 517-жол алынып тасталсын.
4. Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке берілетін "Медеу" спорт кешенінің қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі