Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 наурыз N 411

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 536  Жарлығына , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) оған таратылатын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Авторлық құқық жөнiндегi комитетiнiң және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазпатент" Патенттер және тауар белгiлерi жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мүлкi мен істерiн басқару жөнiндегi функциялары мен өкiлеттiктерi берiле отырып, құрылсын. 

      2. Қоса берiлiп отырған Комитет туралы ереже бекiтiлсiн. 

      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазпатент" патенттер және тауар белгiлерi жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнiң "Қазақстан патенттiк сараптама институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - ҚПСИ) болып қайта ұйымдастырылсын. 

      4. Комитет ҚПСИ-дiң мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. 

      5. ҚПСИ қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн: 
      өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне (өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, тауар белгiлерiне, қызмет көрсету белгiлерiне, тауарлар шығарылатын жерлердiң атауларына) өтiнiмдер қабылдау, осы өтiнiмдерге сараптама жүргiзу және өтiнiм берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң қорғау қабiлетi шарттарына сәйкес келуiн анықтау; 
      селекциялық жетiстiктерге өтiнiмдердi және интегралдық микросхема топологияларын тiркеуге өтiнiмдердi қабылдау, осы өтiнiмдердiң белгiленген талаптарға сәйкес келуiне сараптама жүргiзу; 
      өнеркәсiптiк меншiктiң тiркелген объектiлерiнiң, селекциялық жетiстiктердiң және интегралдық микросхема топологияларының тізілімін жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу; 
      өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi және интегралдық микросхема топологияларын қорғау мәселелерi бойынша қорғау құжаттарының сипаттамаларын және ресми бюллетеньдер шығару; 
      Патент кооперациясы туралы шартқа, Еуразия патент конвенциясына және Белгiлердi халықаралық тiркеу туралы Мадрид келiсiмiне сәйкес функцияларды жүзеге асыруға байланысты халықаралық өтiнiмдер бойынша сараптама жүргiзу. 

      6. Комитет осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 

      7. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" бөлiмiнде реттiк нөмiрi 106-3-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 520-жолмен толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
     Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi
     520 Қазақстан Республикасының
     Әдiлет министрлiгi
     Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнiң
     "Қазақстан патенттiк сараптама институты"
     республикалық мемлекеттiк
     қазыналық кәсiпорны                          Алматы қаласы";

      2) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы ережеде: 
      1-тармақтың екiншi абзацында "Авторлық құқықтар" деген сөздер "Санаткерлiк меншiк құқығы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      11-тармақтың он үшiншi абзацы "меншiк" деген сөзден кейiн ", селекциялық жетiстiктер, интегралдық микросхема топологиялары" деген сөздермен толықтырылсын; 
      12-тармақтың 9) тармақшасында: 
      бiрiншi абзац "меншiк" деген сөзден кейiн ", селекциялық жетiстiктер, интегралдық микросхема топологиялары" деген сөздермен толықтырылсын; 
      екiншi абзац "құралдарын," деген сөзден кейiн "селекциялық жетiстiктер, интегралдық микросхема топологиялары" деген сөздермен толықтырылсын; 
      үшiншi абзац "меншiк" деген сөзден кейiн ", селекциялық жетiстiктер, интегралдық микросхема топологиялары" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртiншi абзац "меншiк" деген сөзден кейiн ", селекциялық жетiстiктер, интегралдық микросхема топологиялары" деген сөздермен толықтырылсын.

      8. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң          
2001 жылғы 29 наурыздағы  
N 411 қаулысымен      
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi құзыретiнiң шегiнде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ санаткерлiк меншiк құқығын қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
      3. Комитет мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады. 
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады. 
      Егер Комитет заңнамаға сәйкес бұған уәкiлеттi болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар. 
      4. Комитет заңнамамен белгiленген тәртiппен өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша республика аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады. 
      5. Комитеттiң штат саны лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. 
      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Қарталы көшесi, 1/1. 
      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитет қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджет қаражаты есебiнен ғана жүзеге асырылады.
      Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға кiруге тыйым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда сол қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

      10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
      1) санаткерлiк меншiктi қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеуге қатысу;
      2) санаткерлiк меншiктi қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      3) сабақтас құқықтар шығармалары мен объектiлерiне, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне (өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, тауар белгiлерiне, қызмет көрсету белгiлерiне, тауарлар шығарылатын жерлердiң атауларына), селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтардың қорғалуын қамтамасыз ету; 
      4) авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектiлерiне, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына қорғау құжаттарын беру; 
      5) авторлық құқықтар, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау саласында ақпараттық-баспа қызметiн ұйымдастыру; 
      6) өнертапқыштық және шығармашылық одақтар мен ұйымдар қызметiн үйлестiру; 
      7) санаткерлiк меншiктi қорғау саласында мамандар дайындауды, мамандар бiлiктiлiгiн арттыруды, патенттiк сенiмдi өкiлдердi аттестациялауды ұйымдастыру; 
      8) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдар қызметiн бақылауды жүзеге асыру; 
      9) Қазақстан Республикасының бiрыңғай патент жүйесiн дамыту және оны басқару; 
      10) мемлекеттiк патенттiк-ақпараттық базаны қалыптастыру; 
      11) Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн шетелде патенттеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру; 
      12) тұтас алғанда инновациялық және өнертапқыштық қызметтiң, сондай-ақ техникалық шығармашылықтың дамуына жәрдемдесу; 
      13) өзге де мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсету; 
      14) санаткерлiк меншiк құқығын қорғау саласында түсiндiру жұмысын жүргiзу, құқықтық бiлiмдi насихаттау. 
      11. Комитет заңнамамен белгiленген тәртiпте мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
      1) санаткерлiк меншiктi қорғау саласында заңнаманың қолданылу практикасын қорытады, сондай-ақ осы салада заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуi; 
      2) санаткерлiк меншiктi қорғау мәселелерi бойынша ведомствоаралық үйлестiруді жүзеге асырады; 
      3) санаткерлiк меншiктi қорғау саласында мамандар дайындауды және бiлiктiлiгiн көтерудi, патенттiк сенiмдi өкiлдердi аттестациялауды ұйымдастырады; 
      4) санаткерлiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау және пайдалану саласында ғылыми-техникалық және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етедi; 
      5) санаткерлiк меншiк объектiлерiн қорғау мен пайдалану мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 
      6) шығармаларды пайдаланушылардың авторлық құқық пен сабақтас құқықтар нормаларын сақтаумен әрi авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық келiсiмдердi атқарумен байланысты қатынастарды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырады; 
      7) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдар қызметiн бақылауды жүзеге асырады; 
      8) авторлық құқықты ресми тiзiлiмдерде тiркеудi қамтамасыз етедi; 
      9) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдар мен пайдаланушылар арасында сабақтас құқықтар шығармалары мен объектiлерiн пайдаланудың тиiстi тәсiлдерiне жасалған лицензиялық шарттарды тiркейдi және тиiстi үлгiдегi мемлекеттiк тiркеу куәлiктерiн бередi; 
      10) авторлық және сабақтас құқықтарды өзара қорғау туралы халықаралық келiсiмдер мен шарттарды дайындауға қатысады; 
      11) авторлық құқық пен сабақтас құқықтар мәселелерi бойынша азаматтар мен ұйымдарға консультация бередi; 
      12) ғылым, әдебиет және өнер шығармаларының қолжазбаларын сақтауға қабылдайды; 
      13) авторлық құқықты, есiмге құқықты және абыройды қорғау құқығын, сондай-ақ автор қайтыс болғаннан кейiн заңнамамен белгiленген жағдайларда оның мүлiктiк емес құқықтарын қорғауды жүзеге асырады; 
      14) коммерциялық мақсаттарда жарияланған фонограмманы фонограмма шығарушы мен орындаушының келiсiмiнсiз пайдаланғаны үшiн заңнамамен белгiленген жағдайларда сыйақы мөлшерiн және оны төлеу шарттарын белгiлейдi; 
      15) шығармаларды пайдалануға құқықтардың импорты мен экспортын ұйымдастыруға жәрдемдеседi; 
      16) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, селекциялық жетiстіктерге, интегралдық микросхемалар топологиясына қорғау құжаттарын беруге өтiнiмдердi қабылдау мен тiркеудi қамтамасыз етедi; 
      17) қорғау құжаттарын беруге өтiнiмдерге мемлекеттiк сараптама жүргiзудi, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерінің, селекциялық жетiстiктердiң, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады, қорғау құжаттарын бередi және олардың күшiнде болуы жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз етедi; 
      18) қорғау құжаттарын беруге өтiнiмдер бойынша сараптама шешiмдерiне қарсылықтардың және қорғау құжаттарын беруге қарсы қарсылықтардың қаралуын ұйымдастырады; 
      19) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын пайдалануға лицензиялық шарттардың, ашық лицензиялардың және қорғау құжаттарын беру шарттарының тiркелуiн қамтамасыз етедi; 
      20) ресми бюллетеньдердiң, сондай-ақ қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бойынша ақпараттық материалдардың шығарылуын қамтамасыз етедi; 
      21) өзiне жүктелген патенттiк ведомствоның өзге де функцияларын орындайды; 
      22) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын патенттеуге iс-қимылдар тiзбесiн, ақы төлеу мөлшерi мен тәртiбiн бекiтедi; 
      23) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзiне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 
      12. Комитеттiң заңнамамен белгiленген тәртiпте мынадай құқығы бар: 
      1) өз өкiлеттiктерi шегiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер шығару; 
      2) санаткерлiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi бойынша түсiнiктер беру; 
      3) санаткерлiк меншiктi қорғауға байланысты құжаттардың бiрыңғай нысандарын белгiлеу; 
      4) санаткерлiк меншiктi қорғау мәселелерi бойынша халықаралық шарттар жасасу мен оларға қосылу туралы ұсыныстар енгiзу; 
      5) санаткерлiк меншiктi қорғау мәселелерi бойынша халықаралық конференциялар мен кеңестердiң жұмысында Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк ету және оларға қатысу; 
      6) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдар қызметiн бақылауды жүзеге асыру; 
      7) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдаланатын заңды және жеке тұлғалар қызметiн бақылауды жүзеге асыру; 
      8) шетелдiк авторлық-құқықтық ұйымдармен келiсiмдер жасасу; 
      9) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалану фактiлерi туралы ақпарат, сондай-ақ мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдар қызметi туралы ақпарат сұрату және алу; 
      10) сабақтас құқықтар шығармалары мен объектiлерiнiң құқық иеленушiлерi мен пайдаланушылары арасында пайдаланудың тиiстi тәсiлдерiне тиiсiнше үлгiдегi мемлекеттiк тiркеу куәлiгi берiле отырып жасалған барлық лицензиялық шарттарды тiркеу; 
      11) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау және iстердi қарау, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдану; 
      12) контрафактiлiк аудио, аудиобейне өнiмдердi анықтау жөнiнде сараптамалық қорытындылар беру, сараптамалық зерттеулер жүргiзу; 
      13) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға санаткерлiк меншiк туралы заңнаманы бұзушы олар қабылдаған кесiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгiзу;
      14) сотқа талап-арызбен жүгiну, оларды қарауға қатысу, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың талап-арыздарын қолдау;
      15) санаткерлiк меншiктi қорғауды қамтамасыз ету мәселелерiне арналған кiтаптар, бюллетеньдер, әдiстемелiк құралдар, жарнамалар және ақпараттық құжаттар шығару;
      16) Комитетте жүктелген мiндеттердi орындау үшiн меншiк нысанына қарамастан ұйымдарға бару;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Комитет мүлкi

      13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Комитет мүлкi республикалық меншiкке жатады.
      14. Комитеттiң өзiне бекітiлген мүлiктi өзiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

4. Комитет қызметiн ұйымдастыру

      15. Комитеттi Төраға басқарады.
      Комитет төрағасын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi Комитет төрағасының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары, оның ішiнде бiр бiрiншi орынбасары болады. 
      16. Комитет төрағасы Комитет жұмысын ұйымдастырады және басқарады әрi Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн жеке жауапты болады. 
      17. Комитет төрағасы осы мақсаттарда: 
      1) Төраға орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi; 
      2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және босатады; 
      3) заңнамада белгiленген тәртiпте Комитет қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар қолданады; 
      4) бұйрықтарға қол қояды; 
      5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 
      6) мемлекеттiк органдарда, қоғамдық әрi қазақстандық және шетелдiк басқа да ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғалармен қатынастарда Комитет атынан өкiлдiк етедi;
      7) Комитет атынан келiсiмдер, шарттар және өзге де мәмiлелер жасасады;
      8) Комитет атынан заңды және жеке тұлғаларға заңнамаға сәйкес талаптар және талап-арыздар қою туралы шешiм қабылдайды;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      18. Комитетте Төраға жанындағы консультативтiк-кеңесшi органы - Комитет алқасы құрылады.
      Алқаның сан құрамын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтедi.
      Алқаның жеке құрамы және ол туралы ереже Төраға бұйрығымен бекiтiледi.

5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2001 жылғы 29 наурыздағы 
N 411 қаулысына қосымша  

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1552  қаулысының  6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 48, 449-құжат). 
      2. "Қазпатент" патенттер және тауар белгiлерi жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 25 ақпандағы N 142  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 7, 42-құжат). 
      3. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Авторлық құқықтар жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 846  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 28, 275-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы N 1295 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 439-құжат).