Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 наурыз N 410

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы"

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 


P960790_



қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат)

мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесіндегі:

     "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі"

бөліміндегі:

"109-9  Түсті металлургия

        кәсіпорындарының техникалық

        қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-

        зерттеу орталығы                     Өскемен қаласы

109-10  Қара металлургия    

        кәсіпорындарының техникалық

        қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-

        зерттеу орталығы                     Қарағанды қаласы

109-11  Мұнай-газ өнеркәсібіндегі,

        мұнай және газ бойынша геологиядағы

        техникалық қауіпсіздік жөніндегі

        ғылыми-зерттеу орталығы              Атырау қаласы"

     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"109-10 "Түсті металлургия

        кәсіпорындарының техникалық

        қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-

        зерттеу орталығы" республикалық

        мемлекеттік қазыналық кәсіпорны      Өскемен қаласы

109-11  "Қара металлургия

        кәсіпорындарының техникалық

        қауіпсіздігі жөніндегі

        ғылыми-зерттеу орталығы"

        республикалық мемлекеттік

        қазыналық кәсіпорны                  Қарағанды қаласы

109-12  "Мұнай-газ өнеркәсібіндегі,

        мұнай және газ бойынша геологиядағы

        техникалық қауіпсіздік жөніндегі

        ғылыми-зерттеу орталығы"

        республикалық мемлекеттік

        қазыналық кәсіпорны                  Атырау қаласы";

     мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 109-13, 109-14, 109-15-жолдармен

толықтырылсын:

"109-13 Қазақ мемлекеттік

        тау-кен өнеркәсібіндегі

        жұмыстардың қауіпсіздігі жөніндегі

        ғылыми-зерттеу институты"

        республикалық мемлекеттік

        қазыналық кәсіпорны                  Қарағанды қаласы

109-14  "Химия, мұнай химиясы,

        мұнай өңдеу, микробиология, химиялық-

        фармацевтикалық және тамақ өнеркәсібі

        қауіпсіздігінің проблемалары жөніндегі

        республикалық ғылыми-зерттеу

        орталығы" республикалық

        мемлекеттік қазыналық кәсіпорны      Шымкент қаласы

109-15  "Қазақстан Республикасы

        тау-кен құтқарушыларының

        ғылыми-инженерлік орталығы"

        республикалық мемлекеттік

        қазыналық кәсіпорны                  Қарағанды қаласы".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.