Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан 2001 жылы шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 наурыз N 406

Қолданыстағы

 


     2001 жылы шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жөніндегі

іс-шараларды уақытылы және тиімді жүргізуді ұйымдастыру мақсатында, бұл

істе барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді

қамтамасыз ету, сондай-ақ қажетті шараларды мейлінше жедел түрде қабылдау

үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мынадай құрамда 2001

жылы шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жөніндегі комиссия құрылсын:


     Ахметов                 - Қазақстан Республикасы Премьер-

     Даниал Кенжетайұлы        Министрінің бірінші орынбасары, төраға


     Мыңбаев                 - Қазақстан Республикасының Ауыл

     Сауат Мұхаметбайұлы       шаруашылығы министрі, төрағаның

                               орынбасары


                Комиссия мүшелері:


     Мырзахметов             - Қазақстан Республикасының Ауыл

     Асқар Исабекұлы           шаруашылығы вице-министрі


     Боранбаев               - Қазақстан Республикасының Көлік және

     Серік Жақанұлы            коммуникациялар министрлігі Азаматтық

                               авиация комитетінің төрағасы


     Байсақов                - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің

     Марат Сатыбалдыұлы        Бас штабы Радиациялық, химиялық және

                               бактериологиялық қорғаныс басқармасының

                               бастығы


     Отто                    - Қазақстан Республикасының Ішкі істер

     Иван Иванович             вице-министрі


     Нигай                   - Қазақстан Республикасы Төтенше

     Эдуард Михайлович         жағдайлар жөніндегі агенттігінің Астана

                               қаласындағы уәкілетті өкілі


     Сизов                   - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын

     Александр Павлович        басқару жөніндегі агенттігі

                               төрағасының орынбасары


     Шарбақов                - Қазақстан Республикасының Денсаулық

     Алтай Жиенбайұлы          сақтау ісі жөніндегі агенттігі Мемлекеттік

                               санитарлық-эпидемиологиялық қызметі

                               басқармасының бастығы - Қазақстан

                               Республикасының бас мемлекеттік

                               санитарлық дәрігерінің орынбасары


     Нұрмұратов              - Қазақстан Республикасының Білім және

     Тілеу Нұрмұратұлы         ғылым министрлігі Ұлттық академиялық

                               аграрлық зерттеу орталығы Қазақ өсімдік

                               қорғау ғылыми-зерттеу институтының

                               директоры (келісім бойынша)


     Камбулин                - Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы

     Владимир Евгеньевич       Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының

                               ұлттық консультанты (келісім бойынша).



 
       2. Комиссия бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес мәселелері жөніндегі ұсыныстарын тапсырсын.
      3. Облыстардың және аудандардың әкімдеріне шегіртке тектес

 

зиянкестерге қарсы күрес жөнінде осындай комиссиялар ұйымдастыру ұсынылсын.

     4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан 2000 жылы шегіртке

тектес зиянкестерге қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 наурыздағы N 384

қаулысының күші жойылды деп танылсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.