Шифрлі кілттерді депозитке салу және генерациялау орталығын құрудың кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 наурыз N 379

Қолданыстағы
      Ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын әзірлеуге, шығаруға, жөндеуге және сатуға байланысты қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру, сондай-ақ әкелінетін өнімдердің сапасына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасында арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізуге арналған ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын, арнаулы техникалық құралдарын әзірлеу, шығару, жөндеу және сату саласындағы қызметті лицензиялаудың тәртібі және біліктілік талаптары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 13 маусымдағы N 967 P970967_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 27, 240-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізуге арналған ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын, арнаулы техникалық құралдарын әзірлеу, шығару, жөндеу және сату саласындағы қызметті лицензиялаудың тәртібі және біліктілік талаптары туралы ережеде:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрамайтын мәліметтерді қорғауға арналған ақпараттарды қорғаудың криптографиялық құралдарын әзірлеуге және сатуға байланысты қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Қазарнаулыкәсіпорын" республикалық мемлекеттік кәсіпорынында басты және техникалық құжаттаманы міндетті түрде депозициялаумен жүзеге асырылады".
      2. Қазақстан Республикасы ҰҚК "Қазарнаулыкәсіпорын" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган үш ай мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорында Шифрлі кілттерді депозитке салу және генерациялау

орталығын құрсын;
     2) депозитке салу тәртібін әзірлесін және оны Қазақстан 
Республикасының Әділет министрлігіне тіркеуге ұсынсын.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің Кеңсесіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық 
қауіпсіздік комитетіне (келісім бойынша) жүктелсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
     Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.