Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 наурыз N 378

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерін бөлу жөніндегі жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 P000158_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақта:
      Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу мәселелері бойынша конкурс (тендер) өткізу жөніндегі комиссия құрамына Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі Шоқпытов Андар Мәулешұлы төраға болып енгізілсін:

     мына жол:
     "Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи 
ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі, төраға"
     мынадай редакцияда жазылсын:
     "Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы - Атырау облысының әкімі";
     көрсетілген құрамнан Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов, Мият 
Саттарұлы Жанәбілов шығарылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
     Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.