Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 наурыз N 377

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 P000229_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" деген 8-бөлімде:
      "Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық

госпиталь" деген жолдың 3-бағанындағы "452" деген сан "576" деген санмен 
ауыстырылсын;
     "Қазақ республикалық лепрозорийі" деген жолдың 3-бағанындағы "270" 
деген сан "227" деген санмен ауыстырылсын;
     "Арал теңізі обаға қарсы станциясы" деген жолдың 3-бағанындағы "167" 
деген сан "172" деген санмен ауыстырылсын;
     "Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы" 
деген жолдың 3-бағанындағы "632" деген сан "690" деген санмен ауыстырылсын;
     "Қатаң байқаудағы республикалық психиатриялық аурухана" деген жолдың 
3-бағанындағы "687" деген сан "750" деген санмен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі


Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Икебаева А.Ж.