Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін 2001 жылғы көктемгі егіске арналған тұқымдық материалмен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Батыс Қазақстан облысының әкімшілігіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) 2001 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау кезінде оның шығыс бөлігінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 2001 жылғы көктемгі егіске арналған тұқымдық материал сатып алуына субсидия бөлу жөніндегі бюджеттік бағдарламаны көздеу;
2) "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына тұқымдық несие алуға мұқтаж ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) беру ұсынылсын.
2. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша Батыс Қазақстан облысы облыстық бюджетінің шығыс бөлігінде жоғарыда аталған бюджеттік бағдарламаны көрсету кезінде оларда мынадай міндетті шарттарды:
1) қайтарылуының нақты мерзімі мен сыйақы көлемін белгілеп, тұқымдық несиенің мақсатты пайдаланылуын және оның ағымдағы жылдың егінінен қайтарылуын;
2) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тұқымдық несиені қайтару үшін өз қаражаты жетпеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген субсидияларды алуға міндеттелуін көздеп, белгіленген тәртіппен тиісті шарттар жасасып, тұқымдық несие түрінде Тізбеде көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарларын
өндірушілерге тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстарын 2001 жылғы егістік
науқанының мұқтаждарына Батыс Қазақстан облысының астық қабылдау
кәсіпорындарында сақталған 21000 (жиырма бір мың) тонна тұқымдық астық
бөлсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Икебаева А.Ж.