"Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының жекелеген мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 наурыз N 323

Жаңартылған

      Спорттық резерв пен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. "Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң қарамағынан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарамағына берiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi "Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiн жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын. 
      4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: 
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгi" бөлiмiндегi реттiк нөмiрi 9-32-жол алынып тасталсын; 
      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 517-8-жолмен толықтырылсын: "517-8 "Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы"; 
      2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде реттiк нөмiрi 62-жол алынып тасталсын; 
      3) <*>
       Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1130  қаулысымен .
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі