Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Шаңырақ-10" бірінші Халықаралық сауда жәрмеңкесін өткізу туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 қаңтардағы N 15
қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіптік
палатасы" деген сөздер алып тасталсын;
2) көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Молдағалиева Мәрия - Қазақстан Республикасының
Тәшкенбайқызы Сауда-өнеркәсіп палатасы
"Қазэкспо" фирмасының
президенті (келісім бойынша)"
деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы" деген
сөздер алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.