"Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасы Медициналық орталығының N 1 дәрiханасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 1 наурыз N 312

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 

      1. "Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасы Медициналық орталығының N 1 дәрiханасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 

      2. Қазақстан Республикасының Президентi Іс Басқармасының оны Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) етiп белгiлеу туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн. 

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi саласы дәрi-дәрмектердi, дәрiлiк заттар мен емдеу құралдарын, медициналық жабдықтар мен аспаптарды дайындау және сату болып белгiленсiн. 

      4. Уәкiлеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      1) Кәсiпорынның жарғысын әзiрлеп, бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiндегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 466-10-жолмен толықтырылсын:
      "466-10. Қазақстан Республикасының
      Президентi Iс Басқармасы
      Медициналық орталығының N 1 дәрiханасы"
      республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу құқығында)               Астана қаласы".

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі