Кедейлiкпен күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 ақпан N 305

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 маусымдағы N 833 қаулысымен бекiтiлген Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламаның iске асырылуы барысын талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстанда кедейлiкпен күрестiң 2003-2007 жылдар кезеңiне арналған кешендi орта мерзiмдi стратегиясын дайындауды үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: <*>
      Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.11. N 1618

              қаулысымен.  

P011618_

 
     1. Қосымшаға сәйкес құрамда Кедейлiкпен күрес мәселелерi жөнiндегі 
ведомствоаралық комиссия құрылсын.
     2. Қоса берiлiп отырған Кедейлiкпен күрес мәселелерi жөнiндегi 
ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Yкiметiнiң
                                             2001 жылғы 28 ақпандағы
                                             N 305 қаулысына қосымша

            Кедейлiкпен күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық
                              комиссия құрамы
     
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.11. N 1618             
              қаулысымен.  

P011618_

 

Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы    - Қазақстан Республикасы Премьер-
                                       Министрiнiң орынбасары, төраға

Құлекеев Жақсыбек Әбдiрахметұлы      - Қазақстан Республикасының
                                       Экономика және сауда министрi,
                                       төрағаның орынбасары

Мүсенова Галина Ақайқызы             - Қазақстан Республикасының
                                       Экономика және сауда министрлiгi
                                       Аймақтық саясат және
                                       бағдарламалар департаментiнiң
                                       директоры, хатшы

                               Комиссия мүшелерi:

Өмiрбаев Әдiлхан Әбдірахманұлы       - Қазақстан Республикасының
                                       Еңбек және халықты әлеуметтiк
                                       қорғау вице-министрi

Сағынтаев Бақытжан Әбдiрұлы          - Қазақстан Республикасының
                                       Табиғи монополияларды реттеу,
                                       бәсекелестiкті қорғау және шағын
                                       бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгі
                                       төрағасының бiрiншi орынбасары

Базарбаева Әсия Бақытқызы            - Қазақстан Республикасының
                                       Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
                                       Заң департаментiнiң директоры

Бекахметов Тiрек Қамзаұлы            - Қазақстан Республикасының
                                       Көлiк және коммуникациялар
                                       министрлiгi аппаратының басшысы

Ысқақова Саида Қуанқызы              - "Шағын несие" YЕҰ қоғамдық
                                       қорының директоры (келiсім
                                       бойынша)

Қадыров Наджат Худжатович            - "Қазақстан Республикасының
                                       Жұмыс берушiлер конфедерациясы"
                                       қауымдастығының атқарушы
                                       директоры (келiсiм бойынша)

Қынатов Марат Полатұлы               - Қазақстан Республикасының
                                       Табиғи ресурстар және қоршаған
                                       ортаны қорғау министрлiгi Басқару
                                       және қаржы департаментiнiң
                                       директоры

Молдажанов Ризахмет Құрманғазыұлы    - Қазақстан Республикасының
                                       Кәсiподақтар федерациясы одағы
                                       төрағасының орынбасары (келiсiм
                                       бойынша)

Нәубетова Рашида Аронқызы            - Қазақстан Республикасының
                                       Министрi - Қазақстан Республикасы   
                                       Президентiнiң жанындағы Отбасы 
                                       және әйелдер істерi жөнiндегi       
                                       ұлттық комиссия төрайымы            
                                       хатшылығының сектор меңгерушiсi

Паненко Валентина Михайловна         - "Аз қамтылған азаматтарды қолдау
                                       жөнiндегi жалпы ұлттық қор"
                                       қоғамдық қоры тексеру
                                       комиссиясының төрайымы
                                       (келiсiм бойынша)

Сағымбаев Талас Жұмабайұлы           - "Қазақстан еркiн кәсiподақтарының
                                       конфедерациясы" қауымдастығының     
                                       вице-президентi
                                       (келiсiм бойынша)

Сиврюкова Валентина Андреевна        - "Қазақстан Үкiметтік емес
                                       ұйымдарының конфедерациясы"
                                       қауымдастығының президентi
                                       (келiсiм бойынша)

Тәжмакин Дәулет Қауазұлы             - Қазақстан Республикасының
                                       Ауыл шаруашылығы министрлiгi
                                       Стратегия және мемлекеттік реттеу
                                       департаментiнiң директоры
     
Әбдіқалықова                         - Қазақстан Республикасының
Гүлшара Наушақызы                      Еңбек және халықты әлеуметтік
                                       қорғау министрлігі Әлеуметтік 
                                       қамсыздандыру және әлеуметтік
                                       көмек департаментінің директоры 
<*>

     
Ермекова                           - Қазақстан Республикасының Стратегиялық
Несіпбала Әбсағитқызы                жоспарлау жөніндегі агенттігі
                                     Стратегиялық жоспарлау және
                                     бақылау департаментінің
                                     директоры (келісім бойынша) 
<*>

       
Жоламан                            - Қазақстан Республикасының Премьер-
Рүстем Қабидоллаұлы                  Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени
                                     даму бөлімінің меңгерушісі 
<*>

     
Кесікбаев                          - Қазақстан Республикасының Қаржы
Сұлтанғали Қабденұлы                 министрлігі Мемлекеттік органдарды
                                     қаржыландыру департаментінің
                                     директоры 
<*>

     
Ахметов                            - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Қырым Қамиғалиұлы                    сақтау министрлігі Медицина ғылымы,
                                     білім беру және лицензиялау 
                                     департаментінің директоры 
<*>

     
Нұрғожаева                         - Қазақстан Республикасының
Татьяна Александровна                Білім және ғылым министрлігі Бюджет,
                                     жоспарлау және қаржы департаментінің
                                     директоры 
<*>

     
Шокаманов                          - Қазақстан Республикасының Статистика
Юрий Камирович                       жөніндегі агенттігі төрағасының
                                     бірінші орынбасары 
<*>

                                   
                                               Қазақстан Республикасы
                                                     Үкiметiнiң 
                                              2001 жылғы 28 ақпандағы
                                             N 305 қаулысымен бекiтiлген

                   Кедейлiкпен күрес мәселелері жөнiндегi
                       ведомствоаралық комиссия туралы
                                    ЕРЕЖЕ

                             1. Жалпы ережелер



      Кедейлiкпен күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 маусымдағы N 833 қаулысымен бекiтiлген Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламаның iске асырылуы мониторингiн жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстанда кедейлiкпен күрестің 2003-2007 жылдар кезеңiне арналған кешендi орта мерзiмдi стратегиясын дайындау мақсатында құрылған. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметi кесiмдерiн, өзге нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

                  2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары

      Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары:
      елде кедейлiктiң өзiндiк астарларын зерттеу (қала құрайтын кәсiпорындар маңындағы шағын қалалар проблемалары, ауылдық жердегi кедейлiк және басқалары);
      әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң жай-күйiн талдау;
      кедейлiк проблемаларын шешу тұрғысында халықаралық көмектi талдау және оны тиiмдi пайдалану жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
      аз қамтылған азаматтарды қолдау жөнiндегі бар бағдарламалардың тиiмдiлiгiн талдау;
      кедейлiкпен күрес мiндеттерiн ескеретiн және тұрғындардың кедей бөлiгiнiң мүдделерiн ескере отырып жергiлiктi бюджет түзу жөнiндегi ұсынымдар кiретiн аймақтық деңгейде жоспарлау тетiктерiн енгiзу жөнiнде; жергiлiктi атқарушы органдардың кедейлiк проблемаларын шешумен байланысты басқару қызметiн жетiлдiру жөнiнде; кедейлiк мониторингi тетіктерiн енгiзу

жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру бойынша; жергiлiктi атқарушы органдардың 
кедейлiк проблемаларын шешумен байланысты басқару қызметiн бағалау 
өлшемдерiн жетiлдiру жөнiнде, ақпараттық тәжiрибе алысу жөнiнде ұсыныстар 
дайындау;
     әлеуметтiк қызметтердi жетiлдiру және кедейлiк деңгейiн төмендету 
жөнiнде ұсыныстар дайындау.

                           3. Комиссия құқықтары

     Комиссияның мынадай құқықтары бар:
     1) Қазақстан Республикасы Үкiметiне халықтық әлеуметтік қорғау 
жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзу;


      2) әлеуметтiк қызметтердi жетiлдiру және кедейлiк деңгейiн төмендету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және енгiзу үшiн мүдделi мемлекеттiк органдар мамандарын тарта отырып, жеке мәселелер бойынша жұмыс топтарын құру;
      3) Комиссия құзыретiне кіретін мәселелердi шешу үшiн ғылыми-зерттеу

ұйымдарының, жоғарғы оқу орындарының ғалымдарын және жоғары бiлiктi 
мамандарын тарту;
     4) Комиссия құзыретiне жататын мәселелер бойынша белгiленген 
тәртiппен заңды тұлғалардан қажетті ақпарат сұратуға;
     5) Комиссия құзыретiне жататын мәселелер бойынша Комиссия мүшелерi 
отырыстарында мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың жауапты 
өкілдерiн тыңдау;
     6) белгiленген тәртiппен Комиссия құрамын өзгерту туралы ұсыныс 
енгiзу;
     7) Комиссия құрамына кiрмеген мемлекеттiк органдардың және өзге де 
ұйымдардың өкiлдерiн Комиссия құзыретiне жататын мәселелердi шешу бойынша 
тартуға.

                       4. Комиссия қызметiн ұйымдастыру

     Комиссияны Төраға басқарады.


      Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындауды және ол өткiзiлгеннен кейiн хаттамасын рәсiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi

Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
     Комиссияның отырыстары қажеттiлiгi бойынша тоқсанына кемiнде бiр рет 
өткiзiледi.
     Отырыстардың күн тәртібiн, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен 
уақытын Комиссия мүшелерiмен келiсiм бойынша Комиссия Төрағасы айқындайды 
және нақтылайды. 
     Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер 
оларға Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды 
деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда Төраға жақтап дауыс берген 
шешiм қабылданды деп есептеледi. Комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi 
және ұсынымдық сипатта болады.
     
                      5. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы

     Комиссия қызметін тоқтатудың негiздерi:
     1) Комиссияның қызмет мерзiмiнiң аяқталуы;
     2) Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы;
     3) бұрын Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттiк 
органдардың немесе өзге комиссияның құрылуы;
     4) Комиссия мiндеттерi орындалмайтын не олардың орындалуы тиiмсiз 
өзге мән-жағдайлар.
     Осы тармақта көрсетiлген мән-жағдайлар туындаған жағдайда, 
Комиссияның жұмыс органы болып табылатын министрлiк Комиссия төрағасының 
тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкiметi Регламентiмен 
белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан 
Республикасы Үкiметi шешiмiнiң тиiстi жобасын енгiзедi.
     Осы тармақта көрсетiлген тәртiп Комиссия құрамына немесе функциясына 
өзгерiстер енгiзу қажеттiгi жағдайында да қолданылады.
     
     
     
     Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.