"Дәрiлiк заттарды стандарттау және бақылау жөнiндегi республикалық базалық зертхана" мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 ақпан N 294

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Дәрiлiк заттарды стандарттау және бақылау жөнiндегi республикалық базалық зертханасы" мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң "Дәрiлiк заттарды сараптау және стандарттау жөнiндегi республикалық базалық зертхана" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.
      2. Кәсiпорынды басқарудың мемлекеттiк органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органында мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 9-70-жолмен толықтырылсын: "9-70 "Дәрiлiк заттарды сараптау және стандарттау
        жөнiндегi республикалық базалық зертхана"
        республикалық мемлекеттiк қазыналық
        кәсiпорны" Алматы қаласы";
 
      2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 P991852_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 527-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық

 

сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

     2  "Мемлекеттiк кәсiпорындар" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк

нөмiрлерi 68 және 69-жолдармен толықтырылсын:

     "68. Дәрiлiк заттарды сараптау және стандарттау жөнiндегi

республикалық зертхана".

     "69. Республикалық клиникалық аурухана".

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.