Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қалакоммуншар" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны (бұдан әрi - Заемшы) заңнамада белгіленген тәртiппен тартатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен мемлекеттiк емес сыртқы заем қаражаты есебiнен қаржыландырылатын "Астана қаласының тұрмыстық қалдықтарын жоюды жаңғырту және экологиялық жағдайын жақсарту" инвестициялық жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
"2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекiтiлген мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитi шегiнде мемлекеттiк емес заемды тарту жөнiндегi Заемшының мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз етуi ретiнде несие берушiге жалпы сомасы 19 660 000 (он тоғыз миллион алты жүз алпыс мың) АҚШ долларына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн берсiн;
Заемшымен көрсетілген мемлекеттiк кепілдiктi беруге байланысты туындайтын оның Қазақстан Республикасының алдындағы мiндеттемелерiн қамтамасыз етуi туралы тиiстi келiсiм жасассын.
3. Заемшы заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кепiлдiктi алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
4. "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған Мемлекеттiк инвестицияларының бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963 P001963_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2000-2002
жылдарға арналған мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына 3-қосымшада:
"Отын-энергетика кешенi" деген салалық сектордан кейiн мынадай
мазмұндағы реттiк нөмiрi 6-1 "Қоршаған ортаны қорғау" деген салалық
сектормен толықтырылсын:
"Қоршаған ортаны қорғау
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3
---------------------------------------------------------------------------
6-1 Астана қаласының тұрмыстық қалдықтарын жоюды "Қалакоммуншар" МКК
жаңғырту және экологиялық жағдайды жақсарту
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8
---------------------------------------------------------------------------
2001-2002 Испания Үкiметi 19,66 Заемды игеру
Кепiлдiк мөлшерi
---------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------
9 ! 10 ! 11 !
----------------------------------------
12,68 6,98
19,66
----------------------------------------
"барлығы" деген жолдағы 6-бағандағы "1321,94" деген сан "1341,60"
деген санмен ауыстырылсын, 10-бағандағы "372,14" деген сан "384,82" деген
санмен ауыстырылсын, "200,00" деген сан "219,66" деген санмен
ауыстырылсын, 11-бағандағы "395,76" деген сан "402,74" деген санмен
ауыстырылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.