Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен
байланыстар жөнiндегі кеңестiң ережесi мен құрамын бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 шiлдедегі N 1140
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 387-құжат)
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен
байланыстар жөнiндегi кеңестiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары,
Кеңес төрағасы
Мұқашев Аманбек Мұқашұлы - Қазақстан Республикасының
Үкiметi жанындағы Дiни
бiрлестiктермен байланыстар
жөнiндегi кеңес
Хатшылығының меңгерушiсi,
Кеңес төрағасының орынбасары
Ахметов Әшімжан Сүлейменұлы - Қазақстан Республикасының
Бiлiм және ғылым вице-министрi
Бейсеков Серiк Сағымбайұлы - Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң
Террорға қарсы департаментiнiң
бастығы (келiсiм бойынша)
Қуанышев Дулат Оразбекұлы - Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер вице-министрi
Отто Иван Иванович - Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер вице-министрi
Толқаншынов Әнуар Құрманбайұлы - Қазақстан Республикасының
Әдiлет вице-министрi;
"Сәрсенбаев Алтынбек Сәрсенбайұлы - Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрi, Кеңес төрағасы" деген
жолдағы ", Кеңес төрағасы" деген сөздер алынып тасталсын;
Тельман Еркiнбекұлы Сауранбеков көрсетiлген құрамнан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.