Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Арнайы полиция" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 ақпан N 291

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Арнайы полиция" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) таратылсын. 

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі "Арнайы полиция" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының NN 8, 9 "Арнайы полиция" еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын тарату туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұсынысы қабылдансын. 

      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 

      4. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 461-3-жол алынып тасталсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі