Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Орталық стадион" қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) белгіленген тәртіппен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Алматы қаласының әкімімен бірлесіп, Кәсіпорынды заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беруді қамтамасыз етсін.
3. Алматы қаласының әкімі осы қаулыны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай қаулыларына өзгерістер енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізбесіндегі реттік нөмірі 21а-жол алынып тасталсын.
2) "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 P981141_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
көрсетілген қаулыға 3-қосымшадағы реттік нөмірі 178-жол алынып
тасталсын.
5. "Орталық стадион" қазыналық кәсіпорны туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1809 қаулысының
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 57, 511-құжат) күші жойылды
деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.