"Н. Әбдiров атындағы спорт комбинаты" мемлекеттiк кәсiпорнының жекелеген мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 ақпан N 285

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. "Н. Әбдiров атындағы спорт комбинаты" мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігінiң "Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) деп қайта аталсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi уәкiлетті орган, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен: 
      1) Кәсiпорынның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
      4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн: 
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: 
      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 517-8-жолмен толықтырылсын: 
      "517-8. "Нұркен Әбдiров атындағы 
              спорт комбинаты" республикалық 
              мемлекеттiк кәсiпорны" 
              (шаруашылық жүргiзу құқығында) Қарағанды қаласы"; 
      2) "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1271  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 426-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге жататын мекемелердiң тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 9-жол алынып тасталсын;
      3) <*>
       Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1130  қаулысымен .
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі