1. Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже;
2) Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 20 ақпандағы
N 259 қаулысымен
бекітілген
Бiлiм саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөнiндегі
ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1. Бiлiм саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөнiндегi
ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының
Yкiметi жанындағы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында
шетелдiк азаматтардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының шет
елдерде оқытылуы мәселелерiн реттейтiн консультативтiк-кеңесшi орган болып
табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын
басшылыққа алады.
3. Комиссияның шешiмi ұсынымдық сипатта болады.
2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
1) оқу кезiнде шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында және Қазақстан Республикасы азаматтарының шет елдерде болуы туралы ақпаратты дайындау және талдау;
2) шет елдерде оқитын Қазақстан Республикасы азаматтарының және
Қазақстан Республикасында бiлiм алуын жалғастыруға келген шетелдiк
азаматтардың виза режимiн оңтайландыру және сақтау жөнiндегi ұсыныстарды
әзiрлеу;
3) шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан
Республикасында шетелдiк азаматтарды оқыту жөнiндегi даулы мәселелердi
қарау және оларды реттеу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
4) өзiнiң құзыретi шегiнде бiлiм беру саласындағы халықаралық
ынтымақтастық мәселелерi бойынша шешiм қабылдау болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссия өзінің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін:
1) Комиссияның құзыретіне енетiн мәселелер жөнінде Қазақстан
Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарынан қажеттi ақпарат
сұратуға;
2) Қазақстан Республикасында тiркелген шет мемлекеттер
елшiлiктерiнiң, халықаралық ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның мәжiлiстерiне
шақыруға;
3) Комиссияның құзыретiне енетiн шешiмдер қабылдауға құқылы.
4. Комиссияның қызметiн жүзеге асыру тәртiбi
6. Комиссияны төраға, ол болмаған кезде төрағаның орынбасары
басқарады.
Комиссия төрағасы Комиссияның қызметiн басқарады, мәжiлiстерде төрағалық етедi, оның жұмысын ұйымдастырады, Комиссия қабылдаған шешiмдердiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
7. Комиссияның жұмысы оның мәжiлiсiн өткiзу арқылы жүзеге асырылады.
Комиссияның мәжiлiсi қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде 2 рет өткiзiледi. Комиссияның кезектен тыс мәжiлiсi кез келген министрлiк пен ведомствоның бастамасы бойынша, Комиссия мүшелерi көпшiлiгiнiң келiсiмiмен шақырылады.
Комиссияның кезектi мәжiлiсiнiң өткiзiлетiн орны, күнi және күн тәртiбi Комиссияның алдыңғы мәжілісінде айқындалады.
8. Комиссияның мүшесi Комиссияның қызметi туралы қажеттi ақпаратты, қабылданған шешiмдердi, сондай-ақ Комиссияның құзыретi шегiндегi кез-келген мәселелердi талқылауға ұсына алады.
Мәжiлiсте қаралған мәселенi талқылау кезiнде Комиссия мүшелерiнiң құқығы бiрдей. Комиссияның шешiмi жай көпшiлiк дауыспен қабылданады және бұл ретте Комиссияның әр мүшесiнiң бiр дауысы болады.
Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
9. Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi, оған Комиссия мүшелерi
бұрыштама қояды және төраға қол қояды.
10. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi
Комиссияның жұмысшы органы болып табылады және ол:
1) оның қызметiн ақпаратпен, ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi;
2) Комиссияның мәжiлiсiне күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi
құжаттарды, материалдарды дайындауды;
3) Комиссияның хаттамаларын және шешiмдерiн ресiмдеудi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 20 ақпандағы
N 259 қаулысымен
бекітілген
Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Білім
Әшімжан Сүлейменұлы және ғылым вице-министрі, төраға
Әбжаппаров - Қазақстан Республикасының Білім
Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы және ғылым министрлігі Жоғары білім
департаментінің директоры
Бахмутова - Қазақстан Республикасының Қаржы
Елена Леонидовна министрлігі Бюджет Департаментінің
директоры
Елшібеков - Қазақстан Республикасының
Серікбек Кеңесұлы Мемлекеттік кіріс министрлігі
Әкімшіліктендіру департаментінің
директоры
Калюжный - Қазақстан Республикасының Әділет
Вячеслав Афанасьевич министрлігі Халықаралық құқық және
хаттама департаментінің директоры
Қоңырбаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Уәлихан Сианбекұлы істер министрлігі Консулдық қызмет
департаментінің директоры
Мұсаев - Қазақстан Республикасының Ішкі
Өмірбай Көпбайұлы істер министрлігі Көші-қон полициясы
департаментінің бастығы
Сәденов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Жомарт Есенұлы қауіпсіздік комитетінің басқарма
бастығы (келісім бойынша)
Үсенова - Қазақстан Республикасының Еңбек
Гауһар Сұлтанқызы және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Жұмыспен қамту
департаментінің директоры
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.