Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 ақпан N 247

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693 P001693_ қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті 2001 жылғы 1 маусымға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиаттар қызметін осы қаулыда көзделген талаптарға сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.";

     мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
     "3-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және 
есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитетіне 2001 жылғы 1 маусымға 
дейін есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың 
айналымына байланысты қызметке уақытша рұқсаттар беру құқығы берілсін.".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.