1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің "Кинологиялық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Кинологиялық орталық) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Кинологиялық орталықтың жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Кинологиялық орталықты қаржыландыру 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Кеден постыларының құрылысын салу, кеден органдарының инфрақұрылымдары" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне көзделген қаражаттың есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2002 жылдан бастап республикалық бюджеттің тиісті бағдарламасы бойынша Кинологиялық орталықты ұстауға арналған шығыстарды көздесін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қыркүйектегі N 1135 P961135_ қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30-жолмен толықтырылсын:
"30. Кинологиялық орталық 40";
2) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 P000229_ қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттің қаражаты
есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде: 10 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Кинологиялық орталық 40". 6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар енгізсін. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.