Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 ақпан N 221 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 маусымдағы № 651 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.26 № 651 Қаулысымен.


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында дене

шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламасы туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы

Президентінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


             Қазақстан Республикасы Президентінің

                         Жарлығы


               Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды

          және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған

                   мемлекеттік бағдарламасы туралы



 
       "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Z990490_ Заңына сәйкес қаулы етемін:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) бір айлық мерзімде Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі

 

іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

     2) Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін жыл сайын қажетті бюджет

қаржысының бөлінуін көздесін.

     3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік

органдар Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз етсін.

     4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

     5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті


                                         Қазақстан Республикасы

                                             Президентінің

                                        2001 жылғы "____"________

                                         N _____ Жарлығымен

                                         бекітілген


               Қазақстан Республикасында

     дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005

       жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы


                 Бағдарламаның паспорты



     Атауы           Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және

                     спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған

                     мемлекеттiк бағдарламасы.


     Әзірлеу         "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан

     негізі          Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы.

                     Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға

                     арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру

                     жөнiндегi iс-шаралар жоспары.


     Негізгі         Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi

     әзірлеушілер    агенттiгi, Қазақ мемлекеттiк спорт және туризм

                     академиясы.


     Қысқаша         Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және

     мазмұны         спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған

                     мемлекеттiк бағдарламасы түрлi аймақтар мен халықтың

                     әлеуметтiк-демографиялық топтарына арналған жекелеген

                     дене тәрбиесi бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде

                     басшылыққа алынатын негiзгi қағидаттық ережелерiн

                     құрайды және мыналарды көздейдi:

                     1) халықтың әртүрлi әлеуметтiк-демографиялық топтарына

                     арналған дене тәрбиесiнiң сабақтастығы;

                     2) дене шынықтыру-спорттық қозғалысты басқару жүйесiн

                     жетiлдiру;

                     3) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектiлерi

                     желiсiн дамыту;

                     4) салада бiлiктi кадрларды даярлау және қамтамасыз

                     ету;

                     5) дене шынықтыру - спорттық шараларды өткiзудi

                     жетiлдiру;

                     6) саланы ұйымдастыру, ғылыми-әдiстемелiк және

                     медициналық қамту;

                     7) салауатты өмiр салтын қалыптастырудың маңызды

                     факторы ретiнде дене шынықтыру және спортты

                     насихаттау;

                     8) жоғары бiлiктi спортшылар мен спорттық резервтi

                     даярлау мәселелерiн шешу.


     Бағдарламаны    Республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаттары,

     қаржыландыру    бюджеттен тыс қаржыландыру көздерi.


     Күтілетін       Балалар мен жасөспiрiмдердiң бос уақытының қамтылуын

     нәтижелер       арттыру, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу,

                     нақты дене шынықтырумен және спортпен                

                     айналысушылардың санын өсiру, лайықты спорттық       

                     резервтi даярлау, Қазақстан спортшыларының           

                     халықаралық сахнада табысты өнер көрсетуiн қамтамасыз

                     ету. Ел халқының денсаулығын сақтау және нығайту,    

                     аурудың алдын алу.



                     Кіріспе



 
       Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк-бағдарламасы (бұдан әрi - бағдарлама) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылы 19 желтоқсанда N 3276 U963276_ Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытудың 1996-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының жалғасы болып табылады.
      Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытудың 1996-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы республиканың дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бұқаралық спортты дамытуға, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмiр салтын қалыптастыруға, халықаралық дәрежедегi спортшылар мен спорттық резервтi даярлауға назарын аударды.
      Істелген жұмыстардың нәтижесiнде, республикада дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны 24,1 пайызға өстi, бұқаралық дене шынықтыру-спорт шараларын өткiзудiң саны артты, салалық спартакиадалар, оқушылардың спартакиадасы және студенттiк универсиадалар өткiзу қайта қолға алынды. Балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiн, олимпиада резервi желiсi мектептерiн қысқарту тоқтады, қазiргі уақытта, республикада 271 спорт мектебi жұмыс iстейдi, оларда 116 мың балалар мен жасөспiрiмдер шұғылданады. Мектептен басқа мекемелер саны арта бастады, тұрғылықты жерi бойынша жұмыс жанданды. Спорттағы дарынды балаларға арналған жаңадан 6 мектеп ашылды, соның нәтижесiнде, мектеп-интернат оқушыларының саны 942-ден 2385-ке жеттi. Спорттық резервтi даярлаудың облыстық орталықтарын құру жөнiнде жұмыс басталды, халықтың дене дайындығының Президенттiк сынамалары әзiрленiп, ол табысты енгiзiлуде. Республикада кәсiптiк спорт клубтарын, тұрғылықты жерi бойынша және отбасылық спорт клубтарын құру басталды, салауатты өмiр салты қағидаттарын дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы насихаттау жөнiнде елеулi жұмыс жүргізiлуде.
      Сонымен бiрге, спорт базаларының жағдайы, республикадағы мектеп жасындағы балалардың 7 пайызын ғана қамтитын балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi желiсiнiң жеткiлiксiз дамытылуы, жоғары бiлiктi жаттықтырушы-оқытушылардың тапшылығы халықтың және әсiресе, балалар мен жасөспiрiмдердiң дене жаттығуларымен шұғылдануға сұранысын толық қанағаттандырмайды. Сапалы мүкәммалмен және жабдықтармен жарақтандырылған қазiргі заманғы спорт объектiлерiнiң, олимпиадалық даярлық орталықтарының және спорттық резерв орталықтарының болмауы елдегi спорттық резерв даярлау мен спорт шеберлiгiн арттыруды тежеп отыр.
      Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытудың 1996-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының жекелеген тармақтары осы Бағдарламаға қайта енгiзiлдi, себебi түрлi себептерге байланысты, олар ішiнара ғана іске асырылды және толық енгiзу үшiн ұзақ уақыт қажет.
      Дене шынықтыруды және спортты одан әрi дамыту, спорттық резервтi және халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау халықаралық спорт ұйымдарының жылдам өзгерiп жатқан талаптарын ескере отырып, оқу-жаттығу процесiн және бұқаралық дене шынықтыруды ұйымдастыруда жаңа көзқарасты талап етедi.
      Бағдарламаны әзiрлеу дене шынықтыру және спорт саласында қалыптасқан ұйымдастыру, әдiстемелiк және құқықтық қатынастарға өзгерiстер енгiзу Қазақстан спортының халықаралық сахнадағы жоғары беделiн сақтау, спортпен жүйелi шұғылдануға халықтың қалың жiктерiн тарту, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмiр салты қағидаттарын енгiзудiң қажеттiлiгiнен туындады.
      Бағдарлама қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлермен және жаңа нормативтiк заңдармен қамтылу арқылы бұқаралық спорт және жоғары жетiстiктер спорты саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың ұйымдастырушылық негiзiн құрайды.
 
       1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы проблеманың
                  қазiргі жай-күйiн талдау
 
      Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және жоғары жетiстiктер спортының жай-күйiн, әлемдiк спорт дамуының қазiргi заманғы процесi республикада спортты дамыту жөнiнде түбегейлi шұғыл шаралар қабылданбайынша, қазақстандық спортшылардың әлемдiк сахнадағы көрсеткiштерi төмендей беретiнiн көрсетiп отыр.
      Халықаралық стандарттардан қалуымыздың себебi, ең алдымен, бүгiнгi күнi әлемдiк биiк талаптарға жауап беретiн қазiргi заманғы спорт базаларының жоқтығы болып табылады.
      Қазiргi заманғы спорт деңгейi өзiнiң даму сатысында спорттық нәтижелердiң өсуiнде ғылыми және инженерлiк жетістiктерге негiзделген жаңа көзқарастарға маңызды роль береді. Жаңа спорт ареналары, жаттығулар мен жарыстар үшiн арнайы жағдайлар жасау, арнайы киiм, құрал-сайманмен жарақтандыруды қолдану және құрастыру әлемнiң мықты спортшыларының көрсеткiштерiн күрт жақсартуға жеткiздi және ХХI ғасырға спорттың қандай негiзгi бағыттарда қарыштап енетiнiн айқындады.
      Дене шынықтыруды және спортты дамытудың деңгейi, материалдық-техникалық базаның жай-күйi халықтың дене жаттығуларымен шұғылдануға сұранысын қанағаттандырмайды.
      Мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындарда дене шынықтыруды ұйымдастырушылардың штат саны жетiспейдi, кәсiпорындардағы дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының, тұрғылықты жерi бойынша және еңбекшiлердiң жалпы демалыс орындарында қарапайым спорттық мүкәммалдар мен жабдықтардың жетiспеуi өткiр сезiледi.
      Ел халқының дене қозғалысы белсендiлiгiнiң төмендiгi жүрек-қан аурулары мен тыныс жолдары органы ауруларынан өлiм деңгейiнiң жоғары болуы мен өмiр сүру жасын қысқартуға әсер ететiн факторлардың бiрi болып табылады. Халықтың тек 5-тен 10,5 пайызы ғана тұратын аймағына қарай дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде шұғылдануда.
      Бiлiм беру жүйесiнде қанағаттанарлықсыз жағдай қалыптасты. Республикадағы жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының 56,5 пайызында ғана бiр үлгiдегi спорт залдары және 14,9 пайызында бейiмделген спорттық үй-жайлар бар. Республикадағы орта және жалпы кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарындағы оқу сабақтарының көлемi ғылыми негiзделген нормадан 3-4 есе төмен. Дене шынықтырудан аптасына үшiншi сабақ енгiзу, барлық үлгiдегi оқу орындарында оқу процесiн спорттық мүкәммалдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету тиiстi назар аударуды талап етедi.
      Сабақтан бос уақыттағы дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық бұқаралық жұмыстардың сыныптан тыс сабақтарына тиiсінше назар аударылмай және дамымай отыр. Түрлi суық тию және созылмалы ауруларға бейiм балалар мен жасөспiрiмдер саны өсуде. Сонымен бiрге, денсаулығына байланысты арнайы медициналық топтарға жатқызылған оқушылармен сабақ тек қана жекелеген оқу орындарында жүргiзiледi.
      Жалпы, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысының жай-күйi бұқаралық спортты, жоғары жетiстiктер спортын және халықтың арасында дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын жандандыру жөнiнде кiдiрiссiз, нақты шешiмдер қабылдауды қажет етеді.
 
               2. Негiзгi мақсаттар мен мiндеттер
 
      Мемлекет "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру арқылы қатынастарды реттейдi, дене шынықтыру және спортты тиiстi қаржы, материалдық-техникалық, кадрлар, ғылыми-әдiстемелiк, медициналық-ақпараттық, нормативтiк-құқықтық қамтамасыз етудi жасау арқылы барлық үлгiдегi балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң, азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша спорт және балалар клубтарын, балалар мен жастардың сауықтыру лагерьлерiн, мүгедектерге арналған мамандандырылған топтары мен мектептерiн, емдеу-дене шынықтыру диспансерлерi санын көбейту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн жағдайлар жасайды.
      Бағдарламаның негiзгi мақсаты:
      1) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру;
      2) дене шынықтыру және спорт құралдарымен қоғамда салауатты өмiр салты қағидаттарын насихаттау арқылы елде дене шынықтыруды және спортты одан әрi дамыту;
      3) олимпиадалық спорт түрлерiн, халық ойындарын, ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерiн дамыту үшiн оңтайлы жағдайлар жасау;
      4) саланы басқарудың қазiргі заманғы көзқарастары мен оңтайлы жолдарын анықтау;
      5) халықаралық спорт сахнасында Қазақстан Республикасының биiк беделiн орнықтыруға қабiлеттi халықаралық дәрежедегi спортшыларды және спорттық резервтi даярлауға бағытталған бiрыңғай шаралар кешенiн әзiрлеу;
      6) дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдарды жетiлдiру;
      7) халықаралық дәрежедегi спортшылар мен спорттық резервтi даярлауды қамтамасыз ету жөнiндегi медициналық-биологиялық ғылыми зерттеулер жүргiзу.
      Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
      1) денсаулықты сақтау, нығайту мақсатында дене шынықтыруды және спортты насихаттау, халықтың кең жiктерiн дене жаттығуларымен жүйелi шұғылдануға тарту арқылы салауатты өмiр салты қағидаттарын орнықтыру;
      2) халықтың дене дайындығының Президенттiк сынамасын енгiзу;
      3) дене шынықтыру және спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту, спорт ғимараттарына тұрғындардың қол жеткізімділігін арттыру;
      4) қызметi халықпен жұмыс iстеуге бағытталған дене шынықтыру спорттық бiрлестiктерi мен спорт клубтарының жұмысын жандандыру;
      5) салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегі ақпараттық-ағарту және насихаттық қызметті күшейту;
      6) жоғары жетiстiктер спорты үшiн, сондай-ақ халықтың әр түрлi әлеуметтiк-демографиялық топтарымен жұмыс істеуге арналған дене тәрбиесi мамандарын даярлау және қайта даярлау жүйесiн құру;
      7) дене шынықтыру және спорт саласында озық технологияны енгiзу және шетелдiк дене тәрбиесi-сауықтыру және спорт ұйымдарымен тәжiрибе алмасу үшiн халықаралық қатынастар мен байланыстарды орнату және дамыту жөнiндегi қызметтi жандандыру.
 
              3. Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды
                 және спортты дамытудың негiзгі бағыттары
 
      Дене шынықтыру және спорт құралдарын жеке адамның үйлесiмдi дамуына, салауатты өмiр салтын енгiзу, бұқаралық спорт пен жоғары жетiстiктер спортын дамыту, спорттық резервтi даярлауға пайдалану кезiнде республика аймақтарындағы климаттық, жағрафиялық, демографиялық және халықтың еңбек қызметiнiң ерекшелiктерi, сондай-ақ адам денесiн жетiлдiрудiң болашағы ескерiлуi тиiс.
      Бағдарлама мыналарды көздейдi:
      - құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында балалар мен жасөспiрiмдер спортын одан әрi дамыту, балалар мен жасөспiрiмдердiң спорт секцияларында және балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiнде спортпен шұғылдануын арттыру;
      - жоғары дәрежелi спортшыларды даярлаудың негiзгi буыны ретiнде спорттың ойын түрлерiне арналған спорт клубтарын ашу;
      - олимпиада орталықтары және спорттық резервтi даярлау орталықтарын құру;
      - аурудың алдын алу, еңбекпен оңалту, белсендi ұзақ жасау;
      - дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
      - меншiк түрiне қарамастан оқу орындарының оқыту процесi кезiнде оқушы жастар арасындағы дене тәрбиесi процесiндегi міндеттi сабақ үлгiсi ретiнде бағдарламалық-әдiстемелiк қамтамасыз етудi әзiрлеу, әртүрлi мамандықтарға арналған дене шынықтырудың кәсiптiк-қолданбалы кешендерiн әзiрлеу, дене шынықтыру-сауықтырудың жаңа технологияларын жасау, дене шынықтыру-сауықтырудың және спорттық қызметiн ұйымдастырудың жаңа нысандарын iздеу, экспериментальды сынақтан өткiзу және енгiзу.
      3.1. Халықтың дене тәрбиесi процесiн қайта құру және оңтайландыру процесiнiң негiзгi бағыттары:
      - қозғалыс сапасын жақсарту мен қозғалу қабiлетiн дамытуды, денсаулықты нығайтуды қамтамасыз ететiн мектеп жасына дейiнгi және мектептегi дене шынықтыру сабақтарының мазмұнын жетiлдiру. Мектеп жасына дейiнгi балалардың аптасына 10-12 сағат ғылыми негiзделген қозғалыс белсендiлiгi көлемiн орындауы;
      - мектептегi сабақтардың мазмұнын толықтыратын дене шынықтыруды мектептен тыс ұйымдастырудың нысандарын жетiлдiру, мiндеттi дене шынықтыру сабағынан кейiн спорт түрлерiнен жаттығу өткiзуге одан әрi ауысу мақсатында оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, халықтың шағын топтары үшiн жаттығу бағдарламасының қазiргi заманғы нұсқаларын жасау;
      - оқушы және студент жастармен сыныптан тыс әрi сабақтан тыс жаттығулар жүйесiн жетiлдiру. Жеткiншектердiң дене бiтiмi ерекшелiктерiн ескеру;
      - оқушылар мен студент жастардың аптасына 8-10 сағат қозғалыс белсендiлiгi көлемін орындауы;
      - дене шынықтыру және спортты еңбек пен демалысты ұйымдастыру жүйесiне жұмыс берушiлер мен еңбек ұжымдары арасындағы ұжымдық шарттар арқылы енгiзу, белсендi еңбек ету мерзiмiн ұзарту үшiн дене шынықтыру жаттығуларын ұтымды пайдалану мақсатында еңбекшiлердiң кәсiптiк қызметiн, жас ерекшелiктерiн ескерiп, қолданбалы кәсiптiк дене шынықтыруды енгiзу;
      - жұмыстан тыс уақытта аптасына 3-4,5 сағат көлемінде қозғалыс белсенділігі көлемін орындау үшін жағдай жасау;
      - жастарды кәсiптiк бағытта даярлау және жасөспiрiмдердi әскер қатарында қызметке дайындау мақсатында техникалық және қолданбалы спорт түрлерiн дамыту;
      - ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындарын дамыту, оларды қазiргi заманғы дене тәрбиесi жүйесiне енгiзу;
      - адамдарды белсенді ұзақ өмір сүруге ынталандыру мақсатында еңбек етуге қабiлетсiз адамдарды дене шынықтырумен шұғылдануға тарту және жасы ұлғайған адамдардың қозғалыс режимін оңтайландыру мақсатында дене шынықтыру және спорт құралдарын тиiмдi пайдалану жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
      - Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын толықтыру үшiн келешегi бар спортшыларды ірiктеу мақсатында олимпиадалық және спорттық резервтi даярлау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      - дене шынықтыру мен жоғары жетiстiктер спортының проблемалары жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығын, дене шынықтыру және спорт саласындағы жаңашылдар идеяларын қолдау жөнiнде республикалық әдiстеме қызметiн құру, жұмысты ұйымдастырудың жаңа нысандарын тарату;
      - халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлайтын негiзгi буын ретiнде спорт түрлерiнен спорт клубтарын құру;
      - республиканың ұлттық құрама командаларын әлем, Азия чемпионаттары мен Олимпиада, Азия ойындарына, басқа да спорт шараларын қоса алғанда, халықаралық жарыстарға даярлау және қатысуы;
      - халыққа қызмет көрсету үшiн денсаулық орталықтарын, дене шынықтыру-сауықтыру топтарын, секцияларын, диспансерлiк және консультативтiк қызметтер, емдеу-сауықтыру кабинеттерiн ашу, оларға халықтың қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
      - дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлау және қайта даярлау;
      - балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт мектептерi мен спорттағы дарынды балалардың мектеп-интернат желiсiн дамыту.
      3.2. Халықтың дене тәрбиесiн басқаруды дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердi басқару жүйесi мынадай:
      Республикада дене тәрбиесiн басқаруды дене шынықтыру және спорт жөнiндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Жергiлiктi атқарушы органдар халықтың дене тәрбиесiн басқару жөнiндегi аумақтық құрылымдық бөлiмшелердi құрады, бұқаралық дене шынықтыру және спорт жұмысының негiзгi талаптарын ескере отырып, аймақтағы халықпен жүргiзiлетiн жұмыстың, спорттық резерв пен халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлаудың бағыттарын әзiрлейдi және дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын дамытуға жәрдемдеседi.
      Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар бұқаралық дене шынықтыру мен жоғары жетiстiктер спортының тәжiрибесiн байытуға ықпал ететiн iргелi, қолданбалы, тәжiрибелiк-педагогикалық және әлеуметтiк зерттеулердi ұйымдастыруға және жүргiзуге дамытуға жағдай жасайды.
      3.3. Республикадағы материалдық-техникалық базаны дамыту тұрғын аудандардың спорт ғимараттарымен қамтамасыз етілуінің нормативі бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде мыналардың есебінен:
      1) қолда бар спорт құрылыстарын, жұмыс істеп тұрған алаңдарды қайта салу және жаңарту, спорт залдары мен спорт кешендерiн көлемi шағын және әмбебап спорт жабдықтарымен жабдықтау;
      2) тұрғын аудандардың қолданып жүрген нормативтерiне сәйкес адамдар көп тұратын және демалатын жерлерде қарапайым спорт алаңдарын, спорт залдарын және басқа спорт кешендерiн салу;
      3) халық тығыз тұратын аудандарда ойын және серуен алаңдарын, жүгiру жолдарын, велосипед және шаңғы жолдарын жоспарлау және салу, бұқаралық жарыстар мен спорттық сайыстар өткiзуге арналған орындарды жабдықтау;
      4) жалпы бiлiм беретiн, кәсiптiк-техникалық мектептерде және басқа оқу орындарындағы спорт құрылыстарын халық арасында дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргiзу үшiн кеңiнен пайдалану.
      3.4. Бұқаралық дене шынықтыру мен жоғары жетiстiктер спортының кадрлар даярлау мен мамандардың бiлiктілігін арттырудағы проблемаларын табысты шешу үшiн мыналарды:
      1) жаңа мамандықтардың (шығыс жекпе-жегi, ұлттық және қолданбалы спорт түрлерi, дәстүрден тыс спорт түрлерi) енгiзiлуiн ескере отырып, саланы ғылым кадрларымен қамтамасыз ету;
      2) халықтық, ұлттық, қолданбалы және техникалық спорт түрлерiн дамытуды ескере отырып, дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлау және қайта даярлау жүйесiн оңтайландыру;
      3) республиканың жетекшi мамандарын шет елдiң спорт клубтары мен шет елдердiң ұлттық командаларында үйрету;
      4) жекелеген аймақтардың спорт қызметкерлерiне сұранысын ескере отырып, оларды тұрақты жұмыс істейтiн аймақтық семинарларға даярлауды қамтамасыз ету қажет.
      3.5. Ақпараттық-насихат жұмысы мыналарға:
      1) азаматтарды салауатты өмiр салтына тартуға;
      2) дене жаттығуларының адам ағзасына әсiресе, жас және егде тартқан адамдарға тигiзетiн пайдасы туралы түсiнiк жұмыстарын жүргiзуге;
      3) жаман әдеттерден арылу әрi дене шынықтыру және спортпен айналысу үшiн оң дәлелдер әзiрлеуге бағытталуы тиiс.
      Халықты ақпараттандыру жөнiндегi жұмыс ғылыми негiзделген жан-жақты дене дайындығының қажеттігiн түсiндiрiп, жүргiзiлуi тиiс.
      Белгiлi спортшыларды, әлем, Азия, Олимпиада және Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерiн, спортқа еңбегi сiңген шеберлер мен жетекшi жаттықтырушы-педагогтарды жұмысқа тарта отырып, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану сабақтарын кейіннен таратып, жүзеге асыру қажет.
      Азаматтардың өздiгiнен бiлiмiн көтеруге, дене шынықтыру және спортпен

 

жүйелi шұғылдануына қызығушылықты қалыптастыруға ықпал ететiн кең танымал

басылымдарын, әдiстемелiк оқулықтар, басқа да көрнекi құралдардың

шығарылуын көздеу қажет.


              4. Бағдарламаны қаржыландыру


     Мемлекеттiк бағдарламаны қаржыландыру дене шынықтыруды және спортты

дамытуға мемлекеттiк бюджеттен қаралған қаражат есебiнен және республика

заңдарында тыйым салынбаған бюджеттен тыс қаржы көздерiн тарту арқылы iске

асырылатын болады.


                   5. Күтiлетiн нәтижелер


     Қоғамда салауатты өмiр салты қағидаттарын орнықтыру демографиялық

жағдайды жақсарту үшiн жағдай жасау.


 
       Дене шынықтырумен және спортпен іс жүзiнде шұғылданушы азаматтардың санын 10-15 пайызға ұлғайту, нәтижесiнде, халық арасында аурушаңдықтың деңгейiн төмендету.
      Республиканың балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiндегi спорт секцияларында спортпен шұғылданушы балалар мен жасөспiрiмдердiң санын 180-200 мың адамға дейін арттыру жеткiншек ұрпақ арасында құқық бұзушылықты төмендету, жастардың бос уақытын ұйымдастыру.
      Халықаралық дәрежедегi спортшылардың және спорттық резервтен үмiткерлердiң Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларына санын арттыру және қатарына iрiктеп алу.
      Ұлттық, қолданбалы және техникалық спорт түрлерi мен халық ойындарын

 

дамыту арқылы жастарды спортпен белсендi айналысуға тарту.

     Халықаралық сахнада Қазақстанның беделін көтеруге қабілетті

халықаралық дәрежедегі спортшылар даярлауға жағдай жасау.

     Бағдарлама жеткілікті толық орындалған жағдайда, еңбек жасындағы

адамдардың ауруы мен өлімін төмендетуден қол жеткізілетін жыл сайынғы

экономикалық тиімділік, оны іске асыруға жұмсалатын шығынның 150-2000

пайызын құрауы мүмкін.



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.