Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 ақпан N 215

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасында травматизмнің алдын алу мен оны азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешендi бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 6 шілдедегі N 1020 P001020_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгiнің "Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      2. Кәсіпорын қызметінің негiзгi мәнi:
      травматология және ортопедия бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
      травматология және ортопедия саласындағы ғылыми-зерттеу қызметi;
      денсаулық сақтау жүйесiнiң медициналық кадрларын қайта даярлау болып белгiленсiн.
      3. Кәсіпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысы бойынша мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi белгiленсiн.
      4. Астана қаласы әкiмiнiң Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "N 2 қалалық аурухана" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының ғимараттарын, құрылыстарын, медициналық жабдықтары мен жарақтарын (бұдан әрi - Мүлік) Астана қаласының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен Астана қаласының әкiмiмен келiсiм бойынша Мүлiктi қабылдау-беру жөніндегі ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
      6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртіппен:
      Кәсіпорынның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуін қамтамасыз етсiн;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 9-69-жолмен толықтырылсын;
      "9-69. "Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Астана қаласы";
      2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 P991852_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):

 

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi:

     "2. Мемлекеттік кәсiпорындар" бөлімі мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi

67-жолмен толықтырылсын:

     "67. Травматология және ортопедия республикалық ғылыми-зерттеу

институты".

     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.