Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 наурыздағы N 218 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 ақпан N 206

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 9 қазандағы N 459 U000459_ Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 10 наурыздағы N 218 P990218_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 61-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырып отыратын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегі агенттігі жұмысын бақылайтын және тексеретiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Облыстың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерi туралы үлгі ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Облыстардың Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады, оның жұмысын мемлекеттiк тәртiптi нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау мәселелерiн қарайтын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгі (бұдан әрi - Агенттiк) бақылайды және тексередi.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, осы Yлгi ережеге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық, объективтiлiк пен әдiлдiк қағидаттарын басшылыққа алады.";
      3-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) D және Е санаттары тобындағы әкімшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi, қалалар, аудандар, аудандардағы қалалар және қалалардағы аудандар, селолар, селолық округтер, кенттер, ауылдар әкiмдерiн, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдарды, өзге де адамдарды және оларға теңестiрiлген адамдарды жергiлiктi атқарушы, құқық қорғау органдарында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына жол берген өзге де ұйымдарда тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсынымдарды тиiсiнше облыстың, Астана және Алматы қалаларының, өзге де әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң, жергілiктi атқарушы, құқық қорғау органдары мен өзге де ұйымдар басшыларының қарауына енгiзу.";
      2) тармақша алынып тасталсын;
      "3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегінде мемлекеттiк тәртiптi нығайту осы тармақтың 1) тармақшасында санамаланған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтауы жөнiнде әкiмге және жергіліктi атқарушы және құқық қорғау органдарының басшыларына арналған ұсыныстар әзiрлеу;";
      4) тармақшадағы:
      "бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ өзге де көздерден алынған ақпаратты" деген сөздермен толықтырылсын;
      "мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды және қызмет этикасы ережелерiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) тармақшадағы:
      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегі мемлекеттiк комиссиясына" деген сөздер "Агенттiкке" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "мемлекеттiк қызметшiлер арасында қызмет этикасы нормаларын сақтауға" деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) Агенттiктiң тапсырмасы бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң тәртiптiк iстерiн қарау үшiн тексерулер өткiзу және материалдар дайындау";
      4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясына" деген сөздер "Агенттiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) тармақта:
      6) тармақшадағы:
      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының" деген сөздер "Агенттiктiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "жұмысының нәтижелерi туралы" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде мемлекеттiк қызметшiлер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша қабылданған шаралар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясымен" деген сөздер "Агенттiкпен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) Агенттiктiң мемлекеттік қызметшiлер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қатысты мәселелер жөнiндегі тапсырмаларын орындайды";
      6-тармақтың 3) тармақшасында "Кеңес төрағасының шешімімен" деген сөздерден кейiн "және Агенттiкпен келiсiм бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақта:
      1) тармақшадағы "аймақтық мемлекеттiк" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы және құқық қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) жергіліктi мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшыларынан лауазымды адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзу фактiлерi бойынша тексерiстер мен қызметтiк тергеулердi өткiзудi талап ету;";
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) Агенттiктiң аумақтық органдарымен сыбайлас жемқорлық терiс қылықтарын қарау мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимылды жүзеге асыру";
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Кеңес жергiлiктi атқарушы, құқық қорғау органдары мен өзге де ұйымдарда қалалар, аудандар, аудандардағы қалалар және қалалардағы аудандар, селолар, селолық округтер, кенттер, ауылдар әкiмдерiне; D және Е санаттары тобындағы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерге, сондай-ақ

 

лауазымды адамдарға мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттiк берiлген

өзге де адамдарға және оларға теңестiрiлген адамдарға қатысты тәртiптiк

iстердi қарайды.";

     10-тармақтағы:

     "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегі

мемлекеттiк комиссиясының" деген сөздер "Агенттiктiң" деген сөзбен

ауыстырылсын;

     11-тармақта:

     бiрiншi абзацтағы "екi апта" деген сөздер "үш апта" деген сөздермен

ауыстырылсын;

     екiншi абзац "алдын-ала" деген сөзден кейiн "екi апталық мерзімде"

деген сөздермен толықтырылсын;

     12-тармақта:

     1) тармақшадағы:

     "атқарушы органның" деген сөздер "атқарушы және құқық қорғау

органдарының," деген сөздермен ауыстырылсын;

     "аймақтық мемлекеттiк органның" деген сөздер алынып тасталсын;

     2) тармақшадағы:


 
       "аумақтық мемлекеттiк органның" деген сөздер "жергілiктi атқарушы немесе құқық қорғау органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясын" деген сөздер "Агенттіктi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      13-тармақтағы:
      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясын" деген сөздер "Агенттiктi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      14-тармақтағы:
      "мемлекеттiк қызметшi" деген сөздерден кейiн "және осы Ереженiң 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген өзге де адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      "сәйкес" деген сөзден кейiн "Агенттiкке немесе сотқа" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Мемлекеттiк қызметшi жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн оны тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы Кеңестiң шешiмiмен келiспеген жағдайда, ол Агенттiкке жазбаша түрде шағымдануға құқылы.
      Мемлекеттiк қызметшiнiң Кеңестiң шешiмiне шағымы ол келiп түскен

 

сәттен бастап бiр айлық мерзiмде Агенттiктiң қарауына жатады.

     Мемлекеттiк қызметшiнiң шағымын қарау нәтижелерi бойынша Агенттiк

Кеңестiң шешiмiн бұзады, не шешiмдi өзгерiссiз қалдырады.".

     2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерi

өздерiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн бiр айлық мерзiмде осы қаулыға

сәйкес келтiрсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі





Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.