Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 ақпан N 188

Қолданыстағы
      Аграрлық ғылымды дамытуға және педагогика саласына елеулi үлес қосқан ғалымдарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 P000685_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 243-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы және жетiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулерi мен жұмыстары үшiн А.И. Бараев атындағы үш сыйлық (бiрiншiсi - 200 айлық есептiк көрсеткiш, екiншiсi - 150 айлық есептiк көрсеткiш, үшiншiсi - 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде);

     педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулерi мен жұмыстары үшiн Ы. 
Алтынсарин атындағы үш сыйлық (бiрiншiсi - 200 айлық есептiк көрсеткiш, 
екiншiсi - 150 айлық есептiк көрсеткiш, үшiншiсi - 100 айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде)".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі

Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.